Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер беріледі
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер беру туралы құжаттың жобасы жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған болатын.
Президенттің 2023 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен жоғарыда аталған жарлығын іске асыру үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінде бірқатар тиісті өзгерістер енгізілді.
Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
«Ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтарды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру өкілеттілігіне ие болды»,– делінген Ашық НҚА порталында.
ҰҚК ұйымдары бірқатар жекелеген құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен функциялары Президент жарлығы деңгейіне көшіріледі.
Сонымен қатар, ҰҚК қызметкерлері:
Шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасау;
Мемлекеттік құпия мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстарды тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
Қорғалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
Құпия құжаттарды және өзге де деректерді қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау. Сонымен қатар өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;
ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне ің арнаулы тексеру жүргізу.
Сондай-ақ ведомствоның жаңа міндеттері болады:
«Мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналды деп хабарлаған болатынбыз.
««Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мониторингі және бақылау, болжамды бұзушылықтар туралы ақпараттарды өңдеу, құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру, ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы, сондай-ақ валюталық істер бойынша ақпараттарды және растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру бойынша функциялар жүктелді», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті қабылдаған бірқатар шаралар валютаны репатриациялауға (қайтаруға), валюталық заңнаманы бұзуға қарсы бағытталған. Сондай-ақ, экспорттық-импорттық операцияларға мониторингті жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алынды.