Еліміздің алты облысында боран салдарынан дауылды ескерту жарияланды
Дауылды ескерту еліміздің алты облысында жарияланды. Елдің кейбір аймақтарында жел секундына 23 метр жылдамдықпен соғады. Бұл туралы «Қазгидромет»РМК хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қарлы боран болады деп күтілуде. Аймақтың батысында тұман болады. Сонымен қатар, Түркістан облысында да тұман мен боран болады деп болжануда. Жел екпіні 23 м / с.
Шымкентте жел екпіні 15-20 м/с, Түркістанда тұман, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады . Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығына жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Айта кетейік, Қазақстанның үш облысында жол жабылды деп хабарлаған болатынбыз.
22 қаңтар күні республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Атырау облысында – 1 учаске жабылды. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 616-833 шақырымы, Атырау қаласы мен Жұмекен ауылы арасы.
Жетісу облысында – «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы жабылды. Яғни Көктұма – Достық станцияларының арасындағы 100 шақырым. Бұл аймақта боран соғып, көрініс шектеледі.
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске жабылған. Ол жерде жел соғып, боран ұйытқиды. Нәтижесінде көрініс шектеулі болмақ. Ауа температурасы да 0-ден төмен болады деп күтілуде.
Мұның алдында 8 қаңтарда Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Павлодар облыстарында автожолдар жабылды.