Ыстанбұл шіркеуінде атыс болып, бір адам қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ыстанбұл шіркеуінде атыс болып, бір адам қайтыс болды / REUTERS/Dilara Senkaya

28 қаңтар күні таңертең қарулы екі адам Ыстанбұл христиан шіркеуінде оқ жаудырып, қастандықтан кейін бір адам қайтыс болды.

TRT Haber агенттінің хабарлауынша, атыс Ыстанбұл уақытымен сағат 11:40 шамасында қаланың Еуропа бөлігіндегі Босфор маңында Сарыер ауданындағы Әулие Мария шіркеуінде болған. Бақылау камерасындағы бейнеге сәйкес, бетперде киген екі адам шіркеуге қару көтеріп кіргенде шіркеу ішіндегі адамдар діни рәсім жасап жатқан.

Ресми ақпаратқа сай, күдіктілер шіркеуге қайтыс болған адамның артынан еріп кіріп, дәл сол адамға оқ жаудырған. Оған оқ тигеннен кейін күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Билік қылмыстың дәл осы қайтыс болған адамға қарсы жасалғанын хабарлаған.

Haberturk агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан адамның кім екені әлі белгісіз. Оқиға орнында болған Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікая марқұмның есімінің тек бас әрпін С. Т.. ғана атады. Сонымен қатар министр 29 қаңтар күні 47 адамның ұсталғанын хабарлады. Оның ішінде 2 адам күдікті ретінде ұсталған. Олардың біреуі Тәжікстан, екінші Ресей азаматы екені хабарланды. Түркия Ішкі істер министрлігі ұсталған күдіктілердің ДАИШ мүшесі болуы мүмкін екенін айтты.

ВВС қайтыс болған адамның ағасы жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген. Оның айтуынша, марқұмның 52 жаста және жақын арада шоқынып, христиан дініне өтуді ойлап жүрген.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айтты. Рим Папасы Франциск те көңіл айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз