Air Astana IPO-сы: орналастырылатын қарапайым акциялар көлемі $300 млн құрайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
IPO
Shutterstock

Air Astana әуе компаниясы IPO барысында орналастырылатын қарапайым акциялар көлемі $300 млн құрайды. Бұл туралы жеке инвесторларға таныстыру барысында Halyk Finance өкілі Роман Әсілбеков мәлімдеді. Halyk Financе – IPO-ның жергілікті үйлестіруші және бірлескен букраннері.

Air Astana IPO барысында «KASE мен AIX алаңында 141 млн қарапайым акциясын орналастырады. Ал LSE мен AIX алаңына ғаламдық депозитарлық қолхаттары шығарылды.

29 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында «Эйр Астана» АҚ (AIRA) қарапайым акцияларының жария ұсынысы ашылды. Ол 8 ақпанға дейін жалғасады

Эмитенттің қарапайым акциялары бойынша болжамды баға аралығы – бір қарапайым акция үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленген. Ал 1 ҒДҚ құны 8,50 және 11,00 АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін. 1 ҒДҚ құны – 4 қарапайым акция бағасына тең.

«KASE мен AIX алаңында инвесторлар қарапайым акцияларды сатып алуға өтінімді теңгемен беруі керек. Қарапайым акцияның түпкілікті бағасы теңгемен бегіленеді. Сонымен қатар 1 ЖДҚ құнының төртке бөлінген, Ұлттық банктің 8 акпандағы ресми бағамымен айырбасталған сомаға тең болады»,– деп атап өтті ол.

Инвесторлар кем дегенде бір акцияға өтініш бере алады. Қанша акция алам десе де, шектеу жоқ.

Инвесторларға екі акционердің – «Самұрық-Қазына» қоры мен британдық BAE Systems компаниясының акциялары, сондай-ақ жаңадан шығарылатын акциялар ұсынылады. Нәтижесінде қор өз үлесін 41%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. IPO нәтижесі бойынша нарықтық капиталдандыру 770–962 миллион долларды құрауы мүмкін.

IPO барысында Air Astana әуе компаниясы акцияларының кем дегенде 25%-ы еркін айналымға шығады. 

Air Astana IPO-ға шығарылғаннан кейін де акцияларының бақылау пакеті «Самұрық-Қазына» қорының еншісінде қалады. «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Дастан Әдиходжаев қордың 5-10% үлесі ғана шығатынын айтқан.

«Эйр Астана» IPO-ға шығады деп жүргелі біраз жыл болды. 2020 жылы қор нарығына шығуға тиіс еді, кейін 2 жылға шегеріліп, сосын IPO 2023 жылы өтеді делінді. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі 2024 жылы аяқтауды тапсырды.

Air Astana компаниясының қаңтар-қыркүйек айларындағы жалпы түсімі мен өзге де кірісі $900,6 млн құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5%-ға артық. Былтыр 9 айдағы кіріс $747,2 млн болған. 

Сондай-ақ оқыңыз