Ресей премьері: ресейлік GigaChat пен батыстық Chat-GPT-дің әлемге деген көзқарасы әртүрлі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей премьері: ресейлік GigaChat пен батыстық Chat-GPT-дің әлемге деген көзқарасы әртүрлі / shutterstock және freepik

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ресейлік GigaChat пен батыстық Chat-GPT-дің әлемге деген көзқарасы әртүрлі екенін айтып, оларды ұлттық мүдделерге бағыттаудың маңызын атап өтті.

«Жасанды интеллектің ойлауы қабілеті оған үйретілген дағдыларға байланысты. Дағдыны ол құрылған мемлекет құрады. Ол адамдар енгізген ақпаратты қорытады. Ресейлік GigaChat пен батыстық Chat-GPT-дің әлемге деген көзқарасы әртүрлі. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін де әртүрлі түсінеді. Сондықтан жасанды интеллект жасаған кезде оның адамзатқа ортақ мүдделерге бағытталуын қадағалау керек. Әрине ұлттық мүдделерді де ұмытуға болмайды»,– деді Ресей премьері Digital Almaty 2024 форумы аясында өтіп жатқан ЕАЭО үкімет басшыларының отырысы барысында. 

Бұдан бөлек, Мишустин ЕАЭО құрамындағы бірде-бір елде озық технологияларды дамыту үшін жеткілікті нарық көлемі жоқ екеніне тоқталды. Технологиялық тәуелділіктен құтылу үшін кооперация құруды ұсынды.

«Шынын айту керек., ЕАЭО-ға мүше бірде-бір елде озық технологияларды құру мен дамытуды қолдау үшін тұтыну нарығы жеткілікті көлемде емес. Бірақ кооперация негізінде біз бұған қол жеткізе аламыз»,– деді Мишустин.

Ол ұйымға мүше елдердің технологиялық мүмкіндіктері шектеулі екендігін және өндіріс орындарын жоқ екенін атап өтті. Алдағы уақытта Ресейдің ұйымға мүше елдермен бірлесіп, осы бағытта жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Алматыда Digital Almaty форумы аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуде. ЕАЭО құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді.

Қазақстан не ұсынды?

Осыған дейін Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО елдеріне орталық цифрлық платформа құруды ұсынғанын жазған едік.

«Технологиялық шешімдермен, патенттермен және инновациялық идеялармен алмасу үшін цифрлық платформа құруды ұсынамыз. Бұл біздің өзара іс-қимылымызды жақсартып, өңіріміздегі кәсіпкерлер мен зерттеушілердің жаңа технологияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді», – деді Смайылов.

Бұдан бөлек, премьер байланыстың сапасын жақсарту үшін ЕАЭО елдері арасындағы радиожиілікті синхрондауды ұсынды.

Алматыда Digital Almaty форумы аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуде. ЕАЭО құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді.

ЦДИАӨ министрі Бағдат Мусин Қазақстан ШЫҰ елдерімен бірігіп, ел аумағынан зымыран ұшыру жобаларын талқылауға дайын екенін айтқан.

Digital Almaty 2024 аясында өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының цифрлық форумында Бағдат Мусин Қазақстанның ұйымға мүше елдерге ұсыныстарын таныстырып өтті.

Еске салар болсақ, 1-3 ақпан аралығында Алматыда «Digital Almaty 2024: X индустриясы – болашақтың цифрлық эволюция» дәстүрлі форумы өтіп жатыр. Оған еліміздің ірі жер қойнауын пайдаланушылар, мүдделі министрліктердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ жүздеген жеткізушілер мен шетелдік компаниялар жиналған. 

Сондай-ақ оқыңыз