Bloomberg: ЕО Ресейдің тыйым салынған активтерін кепіл ретінде пайдалану мәселесін талқылауда
G7 және Еуропалық одақ елдері Ресейдің тыйым салынған активтерін Украинаны қаржыландыру үшін кепіл ретінде пайдалану мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлады Bloomberg ақпарат көздері.
Осыған дейін бұл идеяны Бельгия айтқан болатын.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, аталған нұсқа тек талқыланып жатыр және ешқандай саяси шешім әлі қабылданған жоқ. Идеяны қолдаушылар Ресей-Украина қақтығысының нәтижесіне қарамастан, Мәскеу Киевке келтірілген шығынды өтеуі керек, ал егер ол одан бас тартса, бұғатталған активтерін кепіл ретінде пайдалануы мүмкін деп санайды.
Жоспарды жүзеге асыру үшін арнайы құрылым құру жоспарланған, деп жазады Bloomberg.
Ол қайтарып алынатын кепілдендірілген купондық облигацияларды шығарады.
«Барлығы 250 миллиард доллардан астам тыйым салынған активтерді пайдалану туралы айтып отырмыз», – деп жазды басылым.
Еске сала кетсек, ЕО елдері мен G7 2022 жылдан бастап Ресейдің тыйым салынған активтерін пайдалану мәселесін талқылап жатыр. Financial Times дерегінше, Құрама Штаттар одақтастарын қаражатты тәркілеу жолдарын зерттеуге итермелейді. Бірақ Германия, Франция және Еуропалық Орталық банк мұны қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп санайды.
Сонымен бірге ақпан айының басында Еуропалық кеңес Еуропалық комиссияның арнайы ұсынысын мақұлдады.
Құжатта Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін кірісін Украинаға көмек ретінде беру туралы жазылған.
ЕО елдері Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін пайданы бөлек тіркеуге келісті.
Еуроодақ елшілері Еуропалық комиссия бекіткен директиваны алдын-ала мақұлдағанын жазғанбыз. Оған сәйкес Ресейдің Белгияда бұғатталған активтерін Euroclear халықаралық депозитарийінде қайта инвестициялалаудан түсетін пайда бөлек тіркеледі. Ресей активтері 260 миллиард еуроның 191 миллиарды Бельгияда орналасқан.