Олар жазады, біз ұяламыз – Сарапшы Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Олар жазады, біз ұяламыз – Сарапшы Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына пікір білдірді / shutterstock

Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына қатысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ кем-кетігін тізіп шықты.

«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға қарай ЖІӨ 450 млрд долларға дейін екі есеге арттыруға бағытталған стратегиялық құжат дайындады. Біз тек мұнай-газ саласы бойынша тақырыптармен таныстық. Бұл жай сөздер мен сөйлемдердің жиынтығы сияқты. Көптеген қайшылықтар бар», – дейді сарапшы.

Құжатты әзірлеушілердің деректері бойынша 2022 жылы КҚК мұнай құбырының үлесіне мұнай экспортының 94%-ы тиесілі болған. 2023 жылы – 90%-ы. 2029 жылға қарай бұл үлесті 80%-ға дейін төмендету жоспарланған. Сарапшының жазуынша, соңғы 2 жыл ішінде КҚК үлесіне экспорттың тура 80% тиесілі. Ал 2029 жылға қарай Теңізде және Қашағанда мұнай өндірудің ұлғаюына және жетілген кен орындарында өндірудің төмендеуіне байланысты керісінше 90% жетуге тиіс.

Жоспарға сәйкес, КҚК бойынша мұнай тасымалдауды тоқтатқан жағдайда Атырау–Самара және Қазақстан–Қытай мұнай құбырларының қуаты іске қосылуы мүмкін.  Сарапшы қазірдің өзінде бұл маршрутта Ресейдің жұмыс істеп отырғанын жазады. Қазақстанда ПМӨЗ-ге мұнай жеткізу үшін 30 жылдан бері 1 млн мұнай көлемін Самара арқылы тасымалдап жүргенін атап өтті.

Даму жоспарында 2028 жылға қарай Қашаған қаласында қуаты 4 млрд м3 ГӨЗ іске қосылады делінген. Алайда жоспарды әзірлеушілердің өзі «жаңа ірі нысандардың құрылысын қоса алғанда, жоғары инвестициялар Қашағандағы игеру жобасының кешігу немесе қатып қалу қаупін туғызады» деп жазған.

Құжатта «Еуразия» жобасын іске асыру үшін инвестициялар тарту жоспарланған. Алайда сарапшы 3 жыл бұрын «ҚазМұнайГаздың» өзі экономикалық тиімсіздігіне байланысты бұл жобадан бас тартқанын айтады. 

Сарапшы Астана маңында жерасты газ қоймасын құрудың орнына, бұл қаржыны газ кен орындарын игеруге немесе газ өңдеу өндірісіне жұмсауға болатынын айтты.

Жұмағұлов жоспарда жақсы идеялар барына да тоқталды. Мысалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға бензин мен газдың бағасын түсіру. Бірақ та АӘК алатын халықтың жеке баспанасы мен көлігі жоқ болса, оларға бензин мен газдың қажеттілігі қанша деген сұраққа жауап іздейді.

Сондай-ақ оқыңыз