Елімізде отбасын құрғандар саны азайды

Жарияланды (жаңартылды )
Елімізде отбасын құрғандар саны азайды/ Фото: архив kursiv.media

Қазақстанда 2023 жылы 12 айда 120,9 мың неке тіркелді. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстарғанда неке саны шамамен 6% -ға аз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Неке коэффициенті 1000 адамға 6,07%-ды құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 16,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша), 2022 жылғы деңгейден 5,3%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,84 %-ды құрады.

Жыл сайынғы төмендеу Ұлытау облысынан басқа барлық өңірлерде байқалады. Бұл аймақта неке саны 57 бірлікке, яғни 1,5 мың бірлікке дейін өсті.

Түркістанда неке саны 1,5 мыңға, яғни 11,8 мың бірлікке дейін қысқарды.

Сонымен қатар оңтүстік аймақтар да айтарлықтай теріс динамиканы көрсетті. Ең алдымен, Алматы облысы– 10,1 мың бірлікке дейін қысқарды.

Айта кетерлігі 2023 жылы демографиялық жағдай да төмендеді.

Еске сала кетсек, 2022 жылы алматылықтар некеге жиі тұра бастаған деп жазған едік.

Алматы тұрғындары 2021 жылмен салыстырғанда жиі некеге тұра бастады.  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина тіркеу қызметі саласындағы жағдайға тоқталды. Спикер жалпы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) жұмысы туралы айта отырып, мегаполис тұрғындары арасында отбасын құру мәселесінің оң динамикасын атап өтті.

Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың 8 айында Алматы қаласында 84 507 азаматтық хал актісі тіркелген. Бұл тізімде 48 200 туу және 12 326 өлім актісі бар. Сонымен қатар, 19 367 неке туралы актісі есептелді. Айта кетерлігі, 2021 жылы дәл осы кезеңде 16 952 адам шаңырақ көтерген. Әділет департаментінде қала тұрғындары заңды некеге тұру жиі болатындығын атап өтті. Бірақ ажырасу азайған жоқ, жыл басынан бері 2608 жазба некені бұзу (2021 жылы – 1870) және 2006 жазба тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы тегін ауыстыру туралы болған.

Сондай-ақ оқыңыз