HeadHunter компаниясының президенті Михаил Жуков қайтыс болды
HeadHunter рекрутингтік компаниясының президенті Михаил Жуков 56 жасында қайтыс болды. Бұл туралы компания телеграмм-арнасында хабарлады.
«HeadHunter компаниясының 2008 жылдан 2022 жылға дейін бас директоры, 2023 жылдың наурызынан бастап компания президенті болған Михаил Жуковтың қайтыс болғанына қайғырады. HeadHunter компаниясының барлық қызметкері үшін Михаил орны толмас басшы болды. Оның туыстарымен жақын адамдарына көңіл айтамыз», –делінген хабарламада.
Хабарламада Михаил Жуков өзінің басшылық қызметі кезінде компанияны Ресей мен ТМД елдеріндегі рекрутинг нарығының көшбасшысына айналдырғаны айтылған. Кейіннен әлемдегі ең ірі жұмыс іздеу платформасының үштігіне кіргізгенін жазған. Ол компанияда 15 жыл жұмыс істеген.
HeadHunter (hh.kz) – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жұмыс іздеу және кадрларды таңдау бойынша жетекші онлайн-платформа.
HeadHunter Қазақстан компаниясы 2024 жылы демалысты қай айда алған тиімді екенін жазған болатын. Бұл шолуды HeadHunter сайтында (hh.kz) жарияланған жұмыс берушілердің бос орындары мен үміткерлердің түйіндемелеріне талдау жасау негізінде дайындаған.
Демалысты қай кезде алу керектігі компанияның жоспары, жеке бас жағдайы мен мерекелердің күнтізбесі сияқты бірнеше факторға қатысты болады.
Егер көп күн демалысты қай уақытта алу керек екенін айтар болсақ, онда мерекелік және демалыс күндерді ескеру керек. Сонда еңбек демалысының аз күндерін пайдаланып, ұзақ демалуға болады. Демалыс немесе мереке күндерін есепке ала отырып, ұзақ демалыс немесе бір апталық демалыс алуға болады. Ал егер ақша жағынан тиімді болуды ойласақ, онда біршама ойлану керек.
2024 жылы демалысты сәуір, шілде және қыркүйек сияқты жұмыс күндері көп айда алған тиімдірек. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, наурыз айы демалыс алуға тиімсіз. Себебі бұл айда жұмыс күні тек 17 күн. Неге тиімсіз дейтін болсаңыз? Бұл жұмыс істеген күндерге демалыс және еңбек ақысын есептеумен байланысты дер едік. Еңбек жалақысы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді де, жұмыс істеген күндерге көбейтіледі.