Алматыдан 268 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыдан 268 шақырым қашықтықта жер сілкінді /Фото: Shutterstock

Қазақстандық сейсмологтар Алматыда жергілікті уақытпен сағат 10:57 де жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы хабарлады.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.1.
MPV Магнитудасы – 5.2.
Жер сілкінісінің координаттары – 41,14° с.е., 78,58° ш.б.

Тереңдігі – 5 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында – жоқ»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы метросы 9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады деп жазған едік.

Алматы метросының құрылымдары 9 балдық сейсмикалық тербеліске есептелген. Өйткені ғалымдар жер астына неғұрлым тереңірек кірсек, соғұрлым ол қауіпсіз екенін айтады. Бұл туралы «Курсив» тілшісінің ресми сауалын қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген жауапта айтылған.

Ақпаратқа сәйкес, мамандар зілзала кезінде метрода жер бетінің тербелісі азырақ сезілетінін айтады. Сондай-ақ тоннельдердің дөңгелек қимасы ең қауіпсіз екені дәлелденді.

Метро құрылысы басталғаннан бері қалада бірнеше рет елеулі жер асты дүмпулері болды. Ал жер астында жұмыс істейтін адамдар іс жүзінде ешқандай тербелісті сезбейді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 70 көп қабатты үй мен мектеп қабырғалары жарылған.

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 70-ке жуық көпқабатты үйлерінің қабырғалары зақымдалған. Зиян шеккен ғимараттар ішінде мектептер де бар. Әкімдікке үй қабырғаларын жарықтар пайда болғаны жөнінде 190-ға жуық өтініш келіп түскен. Әкімдік бір ай ішінде аталған нысандарға сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Курсивке» Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қала әкімдігіне көзге көрінетін зақымданулар туралы қала тұрғындарынан 188 шағым түскен, оның 70-і көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты.

Жағдайды бағалау аталған учаскелерге жұмыс топтары жіберілген. Жұмыс тобының құрамына аудан әкімдіктерінің, қала құрылысы және урбанистика бәлімдерінің, бақылау бөлімінің мамандары кірген.

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (ҚазҚСҒЗЖИ) алдағы бір айда 188 нысанға ресми қорытынды беру арқылы сараптама жүргізуді жоспарлап отыр»,– делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз