Джефф Безос Amazon акцияларын 2 млрд долларға сатты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Джефф Безос Amazon акцияларын 2 млрд долларға сатты / shutterstock

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос компанияның акцияларын шамамен 2 млрд долларға сатты.

Forbes журналының ақпаратына сүйенсек, Безос 8 ақпанда шамамен 12 миллион акцияны сатқан. Қазір байлығы 196 млрд долларға бағаланған әлемдегі ең бай адамдардың бірі өз активтерін екі жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет сатуда. Ол өзіне тиесілі Amazon акциясының бар болғаны 1%-ын сатқан.

Безос шамамен екі жыл бұрын Amazon басшысы қызметінен кеткеніне қарамастан, директорлар кеңесінде қалды. Ол сондай-ақ компанияның ең ірі акционері – оған Amazon компаниясының акциясының 9,4%-ы тиесілі.

Ақпан айының басында Amazon Безос 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін компанияның 50 млн-ға дейінгі акциясын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сатылатын акциялардың жалпы сомасы шамамен $8,5 млрд болмақ. Сату туралы жоспар 2023 жылдың қараша айында қабылданған.

Безос Forbes миллиардерлер тізімінде үшінші орында тұр. Бірінші орында SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск (201,6 млрд доллар), екінші орында LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының президенті Бернард Арнодан (219,2 млрд доллар).

Amazon Apple-ді екінші орынға түсіріп, әлемдегі ең қымбат брендтер тізімінде бірінші орынға ие болған.

Amazon Apple-ді екінші орынға түсіріп, әлемдегі ең қымбат брендтер тізімінде бірінші орынға қайта оралды.

Anadolu агентігінің мәліметінше, Джефф Безос бір жылда 51 миллиард доллар құнын жоғалтқанына қарамастан (350 миллиард доллардан 299,3 миллиард долларға дейін) Amazon-ның басымдығы сақталады.

Apple брендінің құны 16 пайызға төмендеп, 297,5 миллиард долларды құрады.

Үшінші орында Google (281,4 миллиард доллар). Одан кейін Microsoft (191,6 миллиард) және Walmart (113,8 миллиард доллар) тұр.

Сондай-ақ оқыңыз