«ҚазАгроҚаржы» лизингпен ауыл шаруашылығы техникасын алуға өтініш қабылдайды
«ҚазАгроҚаржы» ұйымы «Жеңілдікті лизинг» және «Қазақстанда жасалған» жеңілдік бағдарламаларына өтінім қабылдайды. Лизингпен техника және отандық көлік жабдықтарын алғысы келген фермерлер 2024 жылдың 14 ақпанынан өтініш бере алады.
Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ баспасөз қызметі хабарлады. «ҚазАгроҚаржы» холдинг құрамына кіреді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ аталмыш шараға қызығушылық танытқан фермерлерді жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысуға шақырады», – делінген хабарламада.
«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы
Бағдарламаны жүзеге асыруға 9,2 млрд теңге бөлінген. Тіркелмелі, елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық көлік жабдықтарын лизингпен сатып алуға болады. Лизинг 10 жылға дейін беріледі. Жылдық мөлшерлемесі – 6%. Лизингке алынатын техника құнының 15%-нан бастап алдын ала төлем құйылуы шарт.
Бағдарлама шарты бойынша кепіл талап етілмейді. Алынатын сома 180 млн теңгеден аспауы шарт. Оған қоса лизингке алынатын техника саны үшеуден аспауы керек.
«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы
Жеңілдікті лизинг бағдарламасы аясында бөлінген қаражат сомасы – 9 млрд тенге. Лизинг нысанасы Қазақстанда құрастырылған, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы болу шарт.
Сонымен қатар:
- жылдық мөлшерлеме – 6%;
- лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
- алдын ала төлем – 0 % бастап;
- қамтамасыз ету – талап етілмейді.
Алынатын техника құны 205 млн теңгеден аспауы керек. Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының 3 бірлігінен артық техника ала алмайсың. Бір лизинг алушыға қаржы 2 жылда бір рет беріледі.
Өтініштер компанияның Telegram-боты арқылы қабылданады. Өтініш берілген күннен 5 жұмыс күні арасында клиент «ҚазАгроҚаржы» АҚ-қа барлық қажетті құжатты өткізуі тиіс.
Қазақстанда жеке тұлғаларға лизингке пәтер, көлік және ғимарат сатып алуға рұқсат берілмек.