АҚШ ВТБ банкінің басшысына қатысты іс қозғап, оның серіктесін қамауға алды

Жарияланды
ВТБ
ВТБ банкінің басшысы андерй Костиннің серкітестері қамауға алынды / Фото: kursiv.media

АҚШ ресейлік ВТБ банкінің басшысы Андрей Костиннің санкцияларды бұзғаны және ақшаны жылыстатумен айналысқаны үшін үстінен іс қозғады. Тергеу барысында тегін Вольфсон деп өзгерткен «Откритие банкінің» бұрынғы тең иесі Вадим Беляев пен оның серіктесі Гэннон Бондті қамауға алды.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл екі азамат Костинге құны 135 миллион доллардан асатын екі яхтаны жасыруға және Колорадодағы Аспен тау шаңғысы курортындағы үйге иелік ету фактісін құпия сақтап қалуға тырысқан. ВТБ басшысы бұл зәулім үйді 12 миллион долларға сатуды жоспарлаған. Ал Вольфсон мен Бонд делдалдық етіп, келіссөздер жүргізген. Сондай-ақ оның иесінің аты-жөні ашылып қалмас үшін, үйдің қажетті шығындарын төлеп, күтіп ұстаған.

Костин Халықаралық төтенше экономикалық құзыреттіліктер туралы заңның (IEEPA) бес тармағын бұзды деген айыпталады. Олардың әрқайсысы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал сыбайластары Вольфсон мен Бонд бұл заңның үш тармағын бұзған. Істі Федералды тергеу бюросының Вашингтон бөлімшесі тергеп жатыр. Ал түпкілікті шешімді Манхэттендегі федералды соты шығарады.

Соғыстан бұрын санкцияға ілінген

Костинге 2018 жылдың 6 сәуірінен бастап АҚШ санкция салған. Сол күні Ресейдің 38 бизнесмені де санкциялық тізімге енді. АҚШ қаржы министрлігі бұл шектеулерді Ресей үкіметінің Украина мен Сириядағы «іс-әрекетіне» байланысты салған. Сонымен бірге АҚШ Кремльді «Батыс демократиясына нұқсан келтірді» деп айтыптады. Қырымды басып алғаны үшін де санкциялармен жауап қайтарылатынын жетізді.

«Осы жемқор жүйеден пайда көріп келген ресейлік олигархтар мен элиталар бұдан былай өз үкіметінің тұрақсыздандыру әрекетінің зардабын шегеді», – деп мәлімдеді АҚШ тарапы.

Костин санкция салынған кезде АҚШ билігінің бұл әрекетіне қатты ренжіді. Мемлекеттік қызметкер емес, банкир болғандықтан «әділетсіз қара тізімге іліндім» деп шағымданды. Ол Нью-Йоркті, Колораданоы сағынатынын, күндердің бір күні сонда оралатынын мәлімдеген.

Ал Беляевқа келер болсақ, ол 2017 жылға дейін Ресейдегі ең ірі жеке банктік топтардың бірі «ФК Открытиенің» тең иесі болды. 2017 жылы Орталық банк оған қайта құрылымдау жүргізді. Сол кезде оның активтері 2,5 триллион рубльді құраған. Қайта құрылымдаудан кейін банкир АҚШ-қа қоныс аударды. 2022 жылдың соңында «ФК Открытие» бизнесінің көп бөлігі ВТБ-ға сатылды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Ұлыбритания Ресейдің бірнеше банктері мен компанияларына санкция салды. Ұлыбритания «Росатоммен» байланысты компанияларға , «Дом.РФ», Металлинвестбанк, Росбанк, Тинькофф-банк пен Бүкілресейлік аймақтық даму банкі сынды бес қаржы институтына санкция салды. Сонымен бірге бұл тізімге 86 заңды тұлғаның есімі енген.

Ресейдің Украинаға ашқан соғысының алғашқы күндерінде АҚШ алты ресейлік банкке – «Сбербанк», ВТБ, «Газпромбанк», «Открытие» банкі, «Совкомбанк» және «Новикомбанкке» санкция салатынын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз