Қазақстан билігі Еуроодақ пен АҚШ қазақстандық компанияларға қарсы екінші мәрте санкция енгізетінін білген

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстан билігі Еуроодақ пен АҚШ қазақстандық компанияларға қарсы екінші мәрте санкция енгізетінін білген / shutterstock

Қазақстан билігі Еуроодақ пен АҚШ Ресеймен байланысы үшін қазақстандық Еlem Group және Da Group22 компанияларына қатысты екінші мәрте санкция енгізетінін білген. Қазір аталмыш компаниялардың бірі таратылу деңгейінде. Бұл туралы «Курсивтің» ресми сауалына Сауда және интеграция министрлігі жауабында жазылған.

Министрлік хабарлауынша, Еlem Group компаниясы Еуроодақ пен АҚШ екінші мәрте санкцияларына ұшыраған. Тағы бір қазақстандық Da Group22 фирмасы тек америкалық санкциялар тізіміне енді. 

«Аталған компанияларға қатысты батыс елдерінің жоспары туралы санкция мәселелері бойынша сыртқы серіктестермен диалог кезінде алдын ала білдік», — делінген хабарламада.

Аталмыш компаниялар 2023 жылдың мамыр және маусым айларынан бастап импорт пен экспортқа қатыспай келген. Қазір Еlem Group компаниясы тарау процесіне көшкен.

Сауда министрлігі қазақстандық тарап Ресеймен саудада қандай да бір санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан батыс елдерінің санкцияларын айналып өту үшін өз аумағын пайдалануға жол бермеуге тырысады. 

Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіргеніне екі жыл толған кезде Еуропа Одағы мен АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін енгізді. Тізімде ЕО релизінде айтылғандай, «Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдаған» және «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысқан» Қазақстаннан келген компаниялар да болды

Еуро Одақ пен АҚШ-тың екінші мәрте санкцияларына қазақстандық Еlem Group тап болған. АҚШ Қаржы министрлігі Еlem Group АҚШ-та тіркелгенімен, Ресейде жұмыс істейтін STRELOI EKOMMERTS компаниясына тыйым салынған тауарларды жеткізген.

EGOV мәліметтері бойынша, компания Алматыда 2022 жылдың наурыз айында тіркелген, 2024 жылы қайта тіркеуден өткен. Elem Group құрылтайшысы – Артур Короленок. Фирма электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың бөлшектерін көтерме саудамен айналысады. 

АҚШ санкцияларына ұшыраған екінші қазақстандық Da Group22 компаниясы, Америка билігінің мәліметтері бойынша, Германиядан ELIX ST компаниясының тауарларын сатып алып, ресейлік компанияға сатқан. Тауарда әскери қорғаныс күштері болған.

Da Group22 Астанада 2022 жылдың наурызында тіркеліп, 2024 жылдың қаңтарында қайта тіркеуден өткен. Компания электронды және телекоммуникациялық жабдықтардың көтерме саудасымен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз