Алматыда тағы да жер сілкінді

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда тағы да жер сілкінді/Фото:shutterstock

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 25 ақпанда Алматы уақытымен 10 сағат 14 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. MPV

Магнитудасы 5.9.

Тереңдігі 10 шақырым

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде , Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтардың мәлімдеуінше, бұл – афтершок. Жер сілкінісінің қуаты Алматы қаласында 3 балды құраған.

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі»,  – делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде 2 балдық жер сілкінісі болды деп жазған едік.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 ақпанда 10 сағат 08 минут 33 секундта жер сілкінісі тіркелді»,– делінген министрлік хабарламасында.

Жер сілкінісінің қуаты Алматы қаласында 2 балды құраған.

ТЖМ-нің бұлайша халықты сабырға шақыруының себебі бар. Өйткені бұл жер сілкінісі қаладағы сейсмикалық оқу-жаттығумен дөп түсті. Қалалық ТЖД жер сілкінісіне дайындау мақсатында сағат 10-да оқу-жаттығу жүргізген болатын. Жалпықалалық сейсмикалық дайындық кезінде дабыл қосылып, теле-радио арналардан хабарландыру берілді.

Орташа есеппен алғанда Алматы қаласында жыл сайын 200-ге жуық жер сілкінісі болады. Қаланың өзі де 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

Айта кетейік, 23 ақпанда Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өткізіледі деп жазған болатынбыз.

Сейсмикалық дайындық негізінде тұрғындарға апаттық сөмкелерді дайындап, эвакуациялау жолдарын зерделеп алуы керек. Сонымен бірге жер сілкінісі кезінде сақтанудың алғышарттарының бірі ашық жерлерге шығу, электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасу.

«Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес, қаламызда тоқсан сайын қалалық ұйымдарда учаскелік сейсмикалық сынақтар жүргізіледі. Қаңтар айынан бастап эвакуациялық элементтерді жаттықтыру бойынша жоспар бойынша 500 оқу-жаттығулар өткізілді, оның 191-і сейсмикалық дайындық»,– деді Н.Атығаев.

Сондай-ақ оқыңыз