Қарағанды мектептерінің медициналық кабинеттерінде жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өткен дәрілер болған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қарағанды мектептерінің медициналық кабинеттерінде жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өткен дәрілер болған / shutterstock

Қарағанды қаласының прокурорлары облыс аумағындағы мектептердің медициналық кабинеттерінен жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өткен дәрілік препараттар тапты.

«Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, тексеру кезінде 2022 жылдан бастап Қарағанды мектептерінің 3 мыңға жуық оқушысына медициналық қызмет көрсетілмегені анықталған.

Қадағалау шараларынан кейін мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалған.

Қарағандыдағы заң бұзушылықтар

Осыған дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар коммерциялық мақсатқа жер бергенде бұзушылықтарға жол бергенін анықтағанын жазған едік

«Қарағанды қаласының әкімдігі бағалау рәсімін жүргізбестен, бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген. Осы орайда жергілікті атқарушы орган «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 62-1-бабын бұзылуына жол берген», – деп жазылған таратылған хабарламада.

Прокуратураның араласуымен қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды. Осылайша, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерлер бар болған. 

Жол құрылысы саласында міндетін мінсіз атқара алмаған мердігер компаниялар Қазақстандағы жолға қатысты жобаларға қатысу құқығынан айырылады. Бұл туралы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының учаскелерін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.

«Қызылорда-Жезқазған» тас жолын жаңғырту жобасын Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландырып жатыр. Жоба 2024-2025 жылдары аяқталады. Нәтижесінде жолдың сапасы III техникалық санаттан II техникалық санатқа ауысады.

«Қызылорда-Жезқазған» жобасы 6 учаскеден құралған. 2021 жылдың соңында 67 шақырымнан 216 шақырымға дейінгі 4 учаске бойынша келісімшартқа қол қойылған. Мердігер компания аталған учаскелерді 2024 жылы тапсыруы керек», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз