Қор биржасына шолу: Bitcoin курсы, Saudi Chemical шығындары, Citi алтын мен мұнай болжамы

Жарияланды
Қор биржасына шолу/ Фото:Shutterstock

Уолл-стриттің жетекші банкирлері 2024 жылдың басындағы жақсы нәтижелерге қарамастан, бірігу мен кірігудің жағдайына қарап, мұқият зерттеу жасайтын болған. Мәселен, сарапшылар алтынның 2025 жылы 3000 долларға, мұнайдың 100 долларға жететінін, ал биткоинның 2021 жылдан бері жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқанын жоққа шығармайды. Әлемдік БАҚ-дың мәліметтеріне сүйене отырып Қор биржасына шолу жасайық.

Yahoo Finance жазғандай, бірқатар қаржыгерлер 2024 жылдың басында байқалған бірігу мен сатып алу санының қалпына келуін бағалауға әлі асықпайды.

Goldman Sachs компаниясының бас директоры Дэвид Соломон UBS қаржылық қызметтер конференциясында 2022 және 2023 жылдардағы «азғантай» белсенділікпен салыстырғанда «жағдай жақсарды» деп мәлімдеді. Алайда, ол инвестициялық банк секторы соңғы онжылдықтағы тарихи орташа көрсеткіштерге оралмайтынын айтты.
Уолл-стриттегі бес ірі банктің кірісі былтыр 9% – ға төмендеді. Бірігу мен кірігудің (бір-біріне қосылуы)сатып алу бойынша ұсыныстарға байланысты алымдарының үлесі одан да төмендеді. Орташа есеппен 21%. Бірақ биылғы жылы қаңтар-ақпан айларында, Dealogic мәліметінше, Америкадағы бірігу мен кірігу көлемі 134% – ға өсті.

Биткоин 2021 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті

Криптовалюта өсу үрдісін жалғастыруда. Сейсенбіде биткоин бір тиын үшін 57 мың долларға жетті, деп жазады FOX Business. Бұл 2021 жылдың қарашасында тіркелген 67,3 мың доллар максимум көрсеткішке қарағанда аз.

Америкалық бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия ETF-тің алғашқы спот-биткоинін мақұлдағаннан кейін, криптовалюта толыға түсті. Нарыққа 11 қор шықты. Bloomberg-тің мәліметінше, олардың тоғызының күнделікті рекордтық көлемі 2,4 млрд долларды құрады. Оның көп бөлігі Blackrock ‘ s iShares Bitcoin Trust-тың еншісінде.

Сауд Арабиясының мұнай –химия өнеркәсібінің алыбы компания шығыны туралы мәлімдеді

Saudi Chemical (Sabic) компаниясы былтырғы жылы 2,77 миллиард риал (7 739 миллион доллар) шығынға батқаны туралы хабарлады. Бұл нәтиже өнеркәсіптің әлсіз нарықтағы жағдаймен байланысты. Сондай-ақ бұл компаниядағы мәселелердің тереңдігін, экономикалық өсудің баяулауын және бағаның төмендеуін көрсетеді.

«Мұнай — химия өнеркәсібі күрделі операциялық жағдайларда жұмыс істейді», – деді компанияның бас атқарушы директоры Абдулрахман әл-Фаджих.

«Біздің нарықтағы сұраныстың төмендігі жыл соңында өнім бағасының арзандауына әкелді», – деді ол.

Компанияның шығынға батуы 1996 жылдан бері бірінші рет болып тұр. Өткен жылы бос ақша ағыны 45% – ға төмендеп, шамамен 14 млрд риалды құрады. Компанияның акциялары 2024 жылдың басынан бастап 4,3% – ға төмендеп, былтыр шамамен 7% – ға дейін құлдырады. SABIC топ-менеджерлері бұл мәселер уақытша болатын құбылыс деп сендіреді.

Citi сарапшылары 2025 жылға қарай алтын 3 000 долларды, ал мұнай 100 долларға баратынын жоққа шығармайды

Citi болжамы бойынша алтын бағасы бір унция үшін 3 000 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Ал мұнай келесі 12-18 айдың ішінде барреліне 100 долларға дейін өсу мүмкін ,- деп хабарлайды CNBC.

«Орталық банктердің қымбат металды сатып алуы, стагфляция және жаһандық рецессия оның бағасын шамамен 50%-ға көтере алатын катализатор болып табылады», – дейді Солтүстік Америкадағы Citi шикізатты зерттеу бөлімінің басшысы Аакаш Доши.

Демек орталық банктердің алтынды сатып алуы зергерлік бұйымдарды өндірушілердің сұранысынан асып, бағасы екі есеге артуы мүмкін.

Ал, мұнай бағасының барреліне 100 долларға дейін өсуінің катализаторлары жоғары геосаяси тәуекелдер, ОПЕК + өндірісінің қысқаруы және негізгі мұнай өндіруші аймақтардан өнім тасымалдаудың кідірістерінен болуы мүмкін.

ФРЖ биылғы жылы ставкаларды төмендетуге ниетті: қандай азиялық валюталар сұранысқа ие

АҚШ долларының әлсіреуі дамушы елдердің нарықтары үшін қолайлы. Бұл көбінесе ФРЖ пайыздық мөлшерлемені төмендеткен кезде болады, деп жазады CNBC.

Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, Қытай юаны, Үнді рупиі және Оңтүстік Корей воны АҚШ-тағы ақша-несие саясатын жеңілдетуден пайда көреді.

Үндістанның Резервтік банкі өзінің ақша-несие саясатын дамыған елдерге қарағанда баяу жұмсартады деген үмітпен Үнді рупиі нығая түсуі мүмкін. Оңтүстік Кореядағы экономикалық үдерістерді жақсарту және ФРЖ шараларын жеңілдету вонның да бағытын нығайтуға көмектеседі. Қытай бұрын юанды долларға қатысты тұрақтандыруға тырысты және оны жалғастыра бермек. Сондықтан оның одан әрі әлсіреуі екіталай.

Айта кетейік, кеше жапондық құнды қағаздар рекордтық деңгейге көтерілді деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз