Қазақстаның сыртқы істер министрлігінің өкілі Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысты мәлімдеген ұстанымына пікір білдірді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Роман Василенко Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігіне қатысты ұстанымы туралы ақпарат берді / Архив: kursiv.media

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сенат кулуарында Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігіне қатысты мәлімдеген ұстанымы туралы пікір білдірді.

Вице-министр, Арменияның ҰҚШҰ-дан шыққаны туралы ресми ақпарат жоқ екенін айтты.

«Менде Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқаны немесе тоқтат тұруы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Біз Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқаны туралы де-факто мәлімдемені көріп отырмыз. Менің білуімше, Армения ешқандай заңды әрекеттер жасаған жоқ», – деді спикер.

Оның айтуынша, ұйымның жарғысында мүшелікке өту және одан шығу шарттары нақты көрсетілген.

«Ұйым, әрине, өз қызметін жалғастырады. Келісімшартта барлық шарт қарастырылған: жаңа мүшелердің кіруі де, бұрынғы мүшелердің шығуы да бар. Кейбір елдердің бірі қатысуын тоқтатса да ұйым жұмысын жалғастырады», – деді Василенко.

Бұл ретте ол қазіргі уақытта Қазақстанның өкілі ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметін атқаратынын еске салды.

«Қазақстан ұйымды нығайтуға тырысуда, бұл біздің ойымызша, әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды. ҰҚШҰ Қазақстан Республикасы үшін маңызды рөл атқарды, атқаруда және атқаратын болады», – деп түйіндеді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Еске сала кетсек, Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің ҰҚШҰ-ға мүшелігін де-юре тоқтатуы мүмкін деп хабарлады. Ол ҰҚШҰ-ның республика үшін қиындықтар туғызып отырғанын мәлімдеді.

Пашинян егер ұйым республика алдындағы қауіпсіздік міндеттемелерін орындамаса, ҰҚШҰ-ға мүшелігін заңды түрде тоқтататынын айтты. Ол қазіргі уақытта ұйыммен байланыс іс жүзінде тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Яғни қазіргі уақытта Ереван ұйымға мүшелігін де-факто тоқтатқан, бірақ бұл шешімін де-юре мәртебесіне көшіруге дайын екенін жеткізді.

22 ақпанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян жергілікті телеарнаға берген сұхбатында елдің ұйымға мүшелігін тоқтатуы туралы мәлімдеген болатын. Кейінірек Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы Пашинянның мәлімдемесіне түсініктеме беріп, Ереван тарапынан ешқандай мәлімдеме болмағанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз