Алматы тұрғындары 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу керек

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты сейсмикалық жағдайды бағалау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта жер сілкінісінің әсері сезілуі мүмкін. Тұрғындар мен қала қонақтарына сағат 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу сұралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Алматы қаласында сағат 11.22-де жер сілкінісі болды. Афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ сезілуі аз және қуаты төмен болады. тап қазіргі уақытта сейсмикалық жағдайды бағалайтын комиссия отырысы өтіп жатыр. Сабыр сақтап, сағат 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болуларыңызды сұраймыз. Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады»,– деді Сейсмологиялық байқау және ұлттық зерттеу орталығының директоры Дәурен Сәрсенбаев.

Алматы қаласы әкімдігі қазіргі уақытта 384 қабылдау пункті ашық екенін хабарлады. Оның ішінде 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион бар.  

Пунктер туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» қосымшасын енгізген кезде карталарда тұрғындар үшін барлық қолда бар жинау пунктері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар.

Сондай-ақ, барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сағат 13. 11-де ТЖМ алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болғанын, Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.

4 наурызда сағат  11:22-де Алматыда жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қала әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап жедел штабта жұмыс істеп, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз