Жер сілікінісіне байланысты Алматыдағы метро жұмысы уақытша тоқтады

Жарияланды
метрополитеннің
Алматы қалалық метросының баспасөз қызметі метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтағанын мәлімдеді / Фото: kursiv.media

Бүгінгі жер сілкінісіне байланысты Алматы метросы жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл жайлы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

Метрополитен әкімшілігі станциялар мен тоннельдердің тексерілетінін мәлімдеген.

«Құрметті жолаушылар! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады», – делінген компания хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалмаған. Барлық метрода болған жолаушылар эвакуацияланған.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматыда қатты жер тербелісі болып, халық дүрлігіп қалды. Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде.

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қалада 5 балл жер сілкінісі болғанына қарамастан жылу, электр, су және газбен қамту желілері қалыпты жұмыс істеп тұрғаны хабарлады.

Сағат 14:00-дегі ақпаратқа сәйкес:

  • «Алматы электр станциялары» АҚ – ЖЭО-1.2 қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • «Алматытеплокоммунэнерго» – 84 қазандықтары қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • «Алматы жылу желілері» ЖШС-жылу желілері тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуді шектеусіз, штаттық режимде жұмыс істейді;
  • «Алатау Жарық Компаниясы» – электр желілері тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
  • «Алматы Су» – тұтынушыларды сумен қамту және кәріз желісімен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді.

Басқарма «КазТрансГаз-Аймақтың” – тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету мақсатында шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейтінін де мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз