Латвия Ресей және Беларусьпен шекарасын нығайтуға 300 млн еуро бөлді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Латвия Ресей және Беларусьпен шекарасын нығайтуға 300 млн еуро бөлді / shutterstock

Латвия Ресей және Беларусь елдерімен өз шекарасын нығайту үшін 300 млн еуро инвестициялауды жоспарлап отыр. Елдің шығыс шекарасында Литва және Эстониямен бірлескен қорғаныс шебінің бөлігі ретінде танкке қарсы арықтар қазылып, миналар көміліп, өзге де тосқауылдар қойылды.

DW ақпаратына сүйенсек, Латвия келесі бес жыл ішінде Ресей және Беларусьпен шекарасын нығайтуға 300 млн еуро инвестициялайды. Қорғаныс министрлігінің тиісті жоспарын ел Үкіметі бекіткен.

Жоспар бойынша қаржы елдің шығыс шекарасында әртүрлі қорғаныс нысандарын, соның ішінде сарбаздарға арналған бекініс позицияларын және оқ-дәрі қоймаларын салып, танкке қарсы арықтарды қазып, миналарды көміп, қоршауларды күшейтуге жұмсалады.

Ведомство бұл жоспар Латвия, Литва және Эстонияның Ресей немесе Беларусь тарапынан ықтимал шабуылдардан қорғану үшін жасалғанын хабарлаған. Бұл жоспар ЕуроОдақ пен НАТО елдерінің қорғаныс желісін салуға бағытталған.

19 қаңтарда Балтық жағалауы елдерінің Қорғаныс министрлері Ригада жолығып, осы жоспарды талқылап, қорғаныс жүйесін бекітуге келіскен.

Украина-Ресей соғысы

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей әскері Украина шекарасына толыққан басып кіріп, жаппай соғыс науқанын бастады. Осыдан кейін Латвия НАТО ұйымының әрі ЕуроОдақ елдерінің мүшесі ретінде Украинаға қолдау көрсеткен.

CNN агенттігі Ресей Украинамен соғыста әскерінің 87 пайызын, танкілерінің үштен екісін жоғалтты деген ақпарат бөліскен. Бұл мәліметті агенттік АҚШ Конгресі үшін арнайы дайындалған құпия есептен алғанын хабарлапты.

«Ресей президенті Владимир Путин мұншалық үлкен шығынға қарамастан әуелгі ойынан бас тартпай, соғысты жалғастырмақ. АҚШ екі жылға ұзаған шиеленісте Украина әлі де осалдық танытып жатырғанын ескертеді. Украинаның күзге жоспарлап жүрген жойқын соққысы іске аспады, сондықтан АҚШ Киевтің жақын арада қандай да бір жақсы нәтиже көрсете қоятынына күмәнмен қарайды»- делінген басылым хабарламасында.

Бұл ақпарат АҚШ президентінің көмек беру туралы ұсынысына республикалықтардың оң жауап бермегеніне байланысты тарады дейді. Одан кейін Байден әкімшілігі Конгрес арқылы қосымша қаржыландыруға  қол жеткізу үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, оған соттарды шақырған.

Республика партиясының өкілі Джей Вэнс Украинаның «Ресейді қайтадан 1991 жылға шегіндіремін» деген идеясы әуел бастан абсурд деген ойын білдірді. «Президентке, барлық әлемге негізгі мақсат қандай екенін анықтау керек дейміз. Бұған дейін  100 млрд доллармен жетпеген қай мақсатқа 61 млрд доллар жеткізе қояды?», дейді сенатор.

Сондай-ақ оқыңыз