Ақпанда ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бірден 6,2%-ға қымбаттады
Қазақстанда ұялы байланыс қызметтері қымбаттады. Бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.
Ақпанда қаңтармен салыстырғанда көрсеткіш бірден 6,2%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, бұл 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш.
Сонымен қатар, соңғы рет бағаның айлық өсімі 2023 жылдың шілде және тамыз айларында тіркелген. Екі жағдайда тариф 2,8%-ға артты.
Баға арзандады ма?
Соңғы рет ұялы байланыс кұны 2018 жылдың ақпан айында арзандады.
Жылдық динамикаға келсек ақпанда көрсеткіш 12,4% өсті. Ал өткен жазға дейін бағаның өсу қарқыны айтарлықтай жоғары болған жоқ.
Интернет тарифі аса құбылған жоқ
Алайда интернет үшін абоненттік төлем ақпанда қаңтармен салыстырғанда +0,2% ғана қымбаттады. Жылдық көрсеткіш +3,5% деңгейінде. Бұл ретте жыл сайынғы өсім үшінші ай қатарынан баяулады.
Еске сала кетсек, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) абоненттердің құқықтарын қорғауға бағытталған байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдаған.
Бұған дейін БҚДА-ға тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемінің өзгеруі туралы тарифтік жоспарлардың құнын біржақты арттыру бойынша ұялы байланыс операторларының әрекеттеріне азаматтардан өтініштер келіп түскен болатын (Гб, дауыстық қоңыраулар минуттарының, sms-хабарламалардың ұлғаюы және т.б).
Материалдарды талдаудан кейін байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де қызметтер көлеміне шамалы өзгерістер енгізетіні анықталды. Сонан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады.
Ұялы байланыс операторларына тариф шарттарын негізсіз өзгертуге болмайды
Осыған байланысты, БҚДА байланыс саласындағы уәкілетті органға белгілі бір ұсынымдар әзірледі. Бұл шара байланыс операторларының бағаны көтере отырып, абоненттер талап етпеген қызмет көлемін таңу жағдайларын жою үшін қолға алынды. Атап айтсақ, ұялы байланыс операторларына негізі бар шығындар аясында байланыс тарифі жоспарының құнын арттыру жайын қоспағанда, шарттарын өзгертуге тыйым салуы туралы ұсынысты жолдады.
Қазақстанда ұялы байланыс операторлары жаңа абоненттерді тіркеген кезде ол адамнан биеометриялық деректерді яғни бәт әлпеті негізге алынады.
Тиісті құжат былтыр шілде айында Ашық НҚА порталында жария талқыға шығарылды.
Сонымен қатар, абонент шарттан біржақты бас тартуы керек болса да, операторға биометриялық деректерді (адамның бейнесін) ұсынуы керек. Сондай-ақ шартты бұзу туралы өтініш жібереді. Сонымен қатар, абоненттік нөмірді көшіру үшін де биометриялық деректерді ұсына отырып өтініш беруі қажет.