Space One стартапының алғашқы зымыран тасығышы сәтсіз ұшырылғаннан кейін, Canon акцияларының құны төмендеді

Жарияланды
Canon акцияларының құны төмендеді / Фото:Reuters / Kyodo

Жапондық Canon Electronics қаржыландырған Space One стартапының алғашқы коммерциялық зымыран тасығышының ұшу сапары сәтсіз болды. Сол себепті компания құнды қағаздарының бағасы құлдырады. 70 жыл бұрын камера бөлшектерін шығарудан бастаған Canon Electronics 2017 жылдан бастап жер бетін және астрономиялық бақылауды түсіру үшін ғарыштық спутниктерді шығарады.

Толығырақ

Kairos жеңіл зымыран тасығышы Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 420 шақырым жерде орналасқан Кии ғарыш айлағында  өздігінен жойылды. Bloomberg-тің  жазуынша, 2018 жылдың сәуірінен бастап ең жоғары деңгейде сатылып келген Canon Electronics акциялары, Kairos ұшырылғанға дейін жақсы нәтиже көрсеткен. Ал зымыран жарылғаннан кейін, 13%-ға төмендеді. Токиодағы сауда-саттық жабылған кезде акция бір қағаз үшін 2 362 иен (16 доллар) болды. Яғни бір күнде өз  құнының 7,45%-ын жоғалтты.

Space One 2018 жылы құрылды. Стартапты Canon Electronics, IHI  Aerospace Engineering, Shimizu құрылыс корпорациясы және Жапонияның Даму Банкі қаржыландырады. Пандемия мен Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Kairos-ты ұшыру бірнеше рет кейінге қалдырылды.

Kairos кішкентай өлшемдерімен ерекшеленеді. Оның биіктігі 18 метр ғана.  Салыстырмалы түрде алатын болсақ, кейін Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) Epsilon зымыран тасығышы 24 метр болса, H3 зымыранының биіктігі 63 метр. Kairos-тың шағын көлемі жергілікті нарықта өз орнын табуға көмектеседі, деді  Space One  Президенті Масакадзу Тойода. Оның айтуынша, зымыранның биіктігі жиі ұшыруды қамтамасыз етеді.

«Ғарыш курьері»

Тойоданың айтуынша, Space One отандық және халықаралық тұтынушыларға «ғарыштық курьер қызметтерін» ұсынбақ. Стартап алдағы жылда 20 рет ұшырылуы мүмкін. Reuters-тің жазуынша, Space One компаниясының атқарушы директоры Козо Абэ компания америкалық бәсекелес Rocket Lab-пен салыстырғанда «бәсекеге қабілетті» деп мәлімдеді.

Коммерциялық ғарыштық ұшыру нарығының көшбасшысы- Илон Масктың SpaceX болып қала береді. CNBC хабарлауынша, Falcon SpaceX зымырандарының арқасында спутниктерді орбитаға шығару нарығында АҚШ-тағы жалғыз  монополист болып қала бермек. Өткен жылдың соңында SpaceX бағалауы 180 миллиард долларға жетті. Бұл  АҚШ-тың қорғаныс саласындағы  Boeing, Lockheed Martin және Northrop Grumman-ға қарағанда қымбатқа бағаланатын компания. 

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-та Crew Dragon-ның ғарышқа сапары кейінге қалдырылды деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз