Tesla Еуропадағы зауыт өндірісін қайта жандандырды
Америкалық электромобиль өндірушісі Tesla сәрсенбі күні Еуропада орналасқан зауыттағы өндірісті қайта бастады, деп жазды Reuters. Берлинге жақын орналасқан Model Y және Model 3 электромобильдер жиналатын зауыт өртке байланысты бір апта бойы жұмыс істеген жоқ.
Толығырақ
«Өндіріс қуаты бақыланатын және қауіпсіз түрде қайта іске қосылды»,– деді автозауыт өндірістік кеңесінің басшысы Микаэла Шмитц радиостанция эфирінде.
Tesla басшысы Илон Маск зауытқа баруды жоспарлап отыр. «Бізде корпоративтік жиналыс болады және Маск мырза да келеді»,– деді Шмитц.
Берлин маңындағы Tesla автомобиль зауытын электрмен жабдықтау 11 наурызда қалпына келтірілді. Зауыт 5 наурызда жоғары вольтты электр желісінің өртенуіне байланысты электр қуатынсыз қалды. Оқиғаға байланысты жауапкершілікті экстремистік «Вулкан тобы» өз мойнына алды. Tesla еуропалық зауыттың тоқтап қалу салдарынан болатын шығынды жүздеген миллион еуроға бағалады.
Акция
Nasdaq премеркеттегі Tesla бағалары әзірге 1,5% – ға төмендеді.
Сейсенбі күні Нью-Йорктегі негізгі сауда саттық кезінде Tesla акциялары 3%-ға төмендеп, бір қағаз үшін 172,4 долларға дейін түсті. Бірақ содан түстен кейін 0,2%-ға көтерілді.
MarketWatch жазуынша, Tesla акциялары әлі де ұзақ мерзімді төмендеу үрдісінде болса да, қысқа мерзімді тренд өзгеруі мүмкін.
Бүгін Tesla Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына бет бұрды деп жазған едік. Сондай-ақ америкалық электромобиль өндірушісі Tesla-ның капиталдандыруы 2,3%-ға азайып, 553 миллиард долларға дейін төмендеді. Компания АҚШ-тағы ең қымбат компаниялар тізімінде 11-орынға түсті.