Қазақстанның мемлекеттік қарызы қаншаға өсті – Министр жауап берді
Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызы қаншаға жеткенін мәлім етті.
Тәкиевтің айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздің мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені құраған.
«ЖІӨ-ге қатысты бұл 22,8 пайызды құрайды. Бізде әлі де шектеу бар. Жалпы алғанда бізде 32 пайыз деп белгіленген лимит бар. Бұл шектеу қауіпсіз деп саналады», – деді министр Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15,2% өсіп, 29 167, 2 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Jusan Analytics зерттеуінде жазылған.
Ішкі қарыз 23,4% өсіп, сыртқы қарыз 3,0% кеміген. Деректерге сәйкес, жалпы мемлекеттік қарыздың 73,9%-ы, яғни 21 557,6 млрд теңге ішкі қарыз. Қалған 7 609, 6 млрд теңге сыртқы қарыз.
Үкіметтің болжамына сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда 26% жетуі мүмкін, былтыр 24% болған.
Елдегі маңызды көрсеткіштермен салыстырғанда мемлекеттік қарыз деңгейі қандай?
KASE индексін капитализациялаудан 20,6% артық. Ал KASE индексі 9 ірі компания (ЦКБ, Kaspi, Халық Банкі, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансОйл, ҚазАтомӨнеркәсіп, KEGOC, Қазақтелеком және Kcell) акцияларын қамтиды. Ақпан айынан бастап, KASE индексін капитализациялау 28, 5% өскен.
Қазақстандық экспорттан 12, 0% көп. 2023 жылдың 9 айында 26 040, 4 млрд теңгеге тауар экспортталған. 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 10.2% аз. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қарыз мұнай экспортынан 2 есе, мыс экспортынан 26 есе, мыс концентраттарынан 28 есе, ураннан 34 есе, ферроқорытпалардан 37 есе, бидайдан 43 есе, табиғи газдан 48 есе, темір кені 112 есе, көмірден 120 есе, күмістен 137 есе көп.
Мемлекеттік қарыз екінші деңгейлі банктер жиынтық несие портфелінен 7, 5% артық. Жыл басынан бері несиелердің жиынтық көлемі 12.9% өскен.
Болжам. 2024 жылы болжанған жаһандық экономиканың әлсіреуі әсерінен шикізат бағасын түсіруге қысым жасайды. Ал Үкімет қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін шығындарды көбейте береді. Осылайша мемлекеттік қарыз өсетін болады.
2024 жылы мемлекеттік қарыз 11, 5% өсіп, 34 183,3 млрд теңгені құрауы мүмкін деген болжам бар. Яғни ЖІӨ шаққанда 25% жетеді деп күтілуде. Қаржы министрлігі ЖІӨ шаққандағы деңгейді 30% жеткізбеудің жолын іздейді.
Ескерту. Зерттеуге сәйкес, квазимемлекеттік сектордың қарызы (сыртқы қарыздар) қазан айына дейін 7 324, 6 млрд теңгені құраған. Алайда квазимемлекеттік компаниялар қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан көмек алатынын біліп, шетелден қарыз ала алады. Сондықтан бұл көрсеткіш нақты емес.
Осыған дейін 2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 26 418,9 млрд теңгені немесе 58,9 млрд АҚШ долларын құрағанын жазған едік. 2022 жылдың соңымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 1 101,2 млрд теңгеге немесе 4,3%-ға өссе, 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 4 724,8 млрд теңгеге немесе 21,8%-ға өскен.