«ҚазМұнайГаз» облигациялары бойынша купон мөлшерлемесі 3%-дан 9,3%-ға дейін өсті
«Самұрық-Қазынаға» тиесілі «ҚазМұнайГаз» облигациялары бойынша купон мөлшерлемесі 3%-дан 9,3%-ға дейін өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Шығарылған облигациялар көлемі (теңге): 751 631 400 000;
- 3% мөлшерлемемен ҚМГ жылына шамамен 22 млрд теңге алады;
- 9,3% мөлшерлемемен компания 70 млрд теңгеге жуық алады.
Компанияның таза пайдасы 924 млрд теңгеніқұрады
Еске сала кетсек, 2023 жылы Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясының түсімі 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ доллары) құрады. Бір жыл бұрын көресткіш 8 693 млрд теңге (18 860 млн АҚШ доллары) болатын. Демек түсім 4,2% төмендеген.
EBITDA көрсеткіші 1 995 млрд теңге (4 372 млн АҚШ доллары) болды. 2022 жылы 2 536 млрд теңгеге (5 502 млн АҚШ доллары) жеткен.
Ал бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға тоқталсақ. Бұл ретте оларға тиесілі үлесті ескергенде таза пайда 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 1 307 млрд теңге (2 835 млн АҚШ доллары) еді.
Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 1 010 млрд теңге (2 214 млн АҚШ долларын). 2022 жылы көрсеткіш 2 778 млрд теңгеге (1 687 млн АҚШ доллары) болатын.
Ұлттық компанияның бос қаражат айналымы 11,8%-ға төмендеді
ҚМГ бос қаражат айналымы да 11,8%-ға төмендеген. 2023 жылғы сома 984 млрд теңгені (2 157 млн АҚШ долларын) құрады. Бір жыл бұрын 1 116 млрд теңгеге (2 421 млн АҚШ доллары) жеткен.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 3 757 млрд теңгеге (8 265 млн АҚШ доллары) тең. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш 4 154 млрд теңге (8 980 млн АҚШ доллары) болған.
ҚМГ былтырғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 1 645 млрд теңгені (3 620 млн АҚШ доллары) құрады. Былтыр 2 154 млрд теңге (4 655 млн АҚШ доллары) деңгейінде қалыптасқан.
«Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы доллармен көрсетілген. 2023 және 2022 жылдардағы орташа бағам бір АҚШ долларына шаққанда 456,21 және тиісінше 460,93 теңгені құрайды. 2023 жылғы 31 желтоқсанда және 2022 жылғы 31 желтоқсанда – кезең соңындағы бағам АҚШ долларына шаққанда 454,56 және тиісінше 462,65 теңге», – деп түсіндірді компания.