Apple басшысы Тим Кук Шанхайға келді

Жарияланды
Apple басшысы Тим Кук Шанхайға келді/ Фото.Instagram/Zheng Kai

Шанхайда Apple компаниясының сегізінші дүкені ашылады. Компанияның бас директоры Тим Кук Шанхайға сол үшін арнайы келді. Қытай- Apple  компаниясы үшін маңызды нарықтың бірі. Бірақ iPhone-ның соңғы модельдері бұрынғыға қарағанда әлдеқайда нашар сатылып жатыр. Сондай-ақ осы қиындықтарға байланысты Apple әлемдегі ең қымбат компания мәртебесін жоғалтты.

Толығырақ

Тим Кук Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде Шанхайда  серуендеген бейнежазба жариялады. Бейнежазбада Apple компаниясының бас директоры және тележүргізуші Чжэн Кай қаланың тарихи орталықтарында серуендеп, Шанхай «тұшпарасының» дәмін татқан. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба  бес сағат ішінде 3,3 миллионнан астам қаралым жинады.

Кук Шанхайға не үшін келгенін ашық айтпады. Bloomberg-тің жазуынша,  ол 21 наурызда болатын Apple  Jingan дүкенінің ашылуына арнайы қатысуға ниетті. Apple АҚШ-тан тыс жерде өзінің ең үлкен бөлшек сауда желісін кеңейтуде, деп атап өтті агенттік. Apple Jingan Шанхайдағы сегізінші және Қытайдағы 47-ші  дүкені болмақ. Bloomberg дереккөздері бұған дейін Apple алдағы бірнеше жылда ондаған жаңа дүкендер ашуды жоспарлағаның айтқан.

 Қытайдағы қиындықтар

Reuters ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы Тим Кук Қытайға кем дегенде екі рет барған. Қытай Apple компаниясының кірісі бойынша ең үлкен нарық тізімінде үшінші орында.  Forbes USA жазуынша, Қытай Apple компаниясының кірісінің 15%-дан астамын құрайды. Бірақ елде Apple-дің сатылымы төмендеді. Ақпан айының басында компания 2024 қаржы жылының I тоқсанында Қытайдағы кірістің 13%-ға төмендеуі туралы есеп берді. Яғни 20,8 миллиард долларға дейін.  Бұл 2020 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылардың консенсус болжамынан әлдеқайда нашар.

Қытайдағы iPhone сатылымы 2024 жылдың алғашқы алты аптасында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға төмендеді, деп хабарлады Сounterpoint Research зерттеу компаниясы. Мысалы Huawei смартфондарының кірісі сол уақытта 64%-ға, ал Huawei-дің бұрынғы құрылымындағы Honor-да 2%-ға өсті. Apple акциялары осы статистиканы жариялағаннан кейін төрт айдан астам уақыт ішінде ең төменгі деңгейге түсті.

Сounterpoint  Research  талдаушысы Нил Шах CNBC-ге берген сұхбатында «Huawei қазір кезде Apple-ге үлкен қауіп төндіреді. Бірнеше жыл бұрын iPhone-ға ауысқан клиенттерді кері қайтаруда деді.

 Акция

АҚШ- тағы премаркеттегі Apple акциялары қазіргі уақытта 0,27%-ға арзандады. 19 наурыздағы сауда-саттық 1,36%-ға, 176,08 долларға дейін өсті. Apple қағаздары  2024 жылдың басындағы кезеңнен 8,5%- ға арзан. Нарықтық капиталдандыру 2,7 трлн доллардан сәл асады. Бағалы қағаздар құнының төмендеуі Apple-ді нарықтық құны 3 трлн доллардан асатын әлемдегі ең қымбат компания мәртебесінен айырды. Әлемдік көшбасшы қазір Microsoft.

FactSet деректеріне сүйенсек, сарапшылардың 44-тен 19 сатып алуға кеңес берді. Тағы алты сарапшы Overweight («нарықтан жоғары») рейтингін берді. 14 сарапшы қағаздарды (Hold), үшеуі сатуды (Sell) ұсынады. Тағы екеуі акцияларға Underweight рейтингін берді («нарықтан төмен»). Акциялардың орташа мақсатты бағасы – 199,2 доллар. Бұл соңғы жабылу бағасынан 13%-ға жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз