2023 жылы Астана қаласына 1,6 триллион теңге инвестиция тартылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Астана қаласына
Астана салынған инвестиция көлемі артқан. Фото: kursiv.media

2023 жылы Астана қаласына 1,6 триллион теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берген.

Қала басшысының айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған, Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген

«Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория», — делінген хабарламада.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі бітеді. Сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігі іске қосылмақ. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді.

Қала басшысы Астана қаласына салынатын әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру мәселесіне тоқталған. Одан бөлек құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы да есеп берген.

Бұған дейін Елордада 50 көше жөнделетіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз