Қор нарығына шолу:  SWIFT жүйесі цифрлық валюта үшін платформа құрмақ, Германияның жетекші экономикалық институттары елдің ЖІӨ бойынша болжамдарын ұсынды

Жарияланды
SWIFT жүйесі цифрлық валюта үшін платформа құрмақ / Shutterstock

SWIFT (ақпаратты берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі)  цифрлық валюта үшін жаңа платформа құруды жоспарлап отыр. Ал Германиядағы сарапшылар ЖІӨ болжамын 1,3%-дан 0,1% – ға дейін төмендетті.

SWIFT жаңа цифрлық валюта платформасын іске қоспақ

Reuters-тің жазуынша, SWIFT желісі алдағы бірнеше жылда цифрлық валютаны қолданыстағы қаржы жүйесіне қосу үшін жаңа платформа құруды жоспарлап отыр. Қазір  әлемдегі орталық банктердің шамамен 90%-ы  өз валюталарының сандық нұсқаларын жасау мүмкіндігін зерттеуде. Олардың көпшілігі биткоин мен басқа криптовалюталардан артта қалғысы келмейді. Бірақ технологиялық қиындықтарға тап болуда.

SWIFT инновациялар бөлімінің басшысы Ник Кериганның айтуынша, алты ай ішінде компания коммерциялық банктермен және арнайы платформалармен сынақтар өткізді. Бұл бүгінгі күнге дейін CBDC және «токенизацияланған» активтер саласындағы ең ірі бірлескен жоба. Нәтиже бойынша банктер әртүрлі елдердің CBDC-ін пайдалана алады. Тіпті әртүрлі технологияларға немесе «хаттамаларға» негізделген болса да.

Осылайша, төлем жүйелерін үзінділеу қаупі азаяды. Тәжірибе SWIFT жобасын маңызды сауда немесе валюталық төлемдерде қолдануға болатындығын көрсетті.

SWIFT-тің басты артықшылығы- оның қолданыстағы желісі қазірдің өзінде 200-ден астам елде пайдаланылады. Желі  күнделікті триллион долларлық аударымдар  жасап, 11500-ден астам банктер мен қорларды байланыстырады.

SEC климаттық тәуекелдер туралы ақпаратты ашу ережелерін бекітті

Market Watch ақпаратына сүйенсек,  АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) компаниялардан олардың бизнес операцияларына немесе қаржылық жағдайына әсер ететін климатқа байланысты тәуекелдер туралы ақпаратты көрсету  ережесін бекітті. Сарапшыларың айтуынша, бұл компанияларға шешім қабылдауға көмектесетін қор инвесторлары үшін маңызды ақпарат.

Ережеге сәйкес, компаниялар инвесторларға климатқа байланысты тәуекелдерді түсіндіру қажет.  Сарапшылар қазіргі кезде ауа райы және басқа да климатқа байланысты оқиғалар биржада сауда жасайтын көптеген кәсіпорынға қауіп төндіретінін айтады. Сондықтан SEC  талаптары дұрыс.

Сарапшылар Германияның ЖІӨ болжамын күрт төмендетті

Еуропаның бұрынғы «экономикалық қозғалтқышы» 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нөлдік өсуіне қауіп төндіреді, деп жазды Reuters. Германияның жетекші экономикалық институттары елдің ЖІӨ өсу болжамын 1,3%-дан 0,1%-ға дейін төмендетті. Бұл Германияның ең ірі экономикалық талдау орталықтарының, соның ішінде Мюнхендегі Экономикалық зерттеулер институтының (IFO). Берлиндегі неміс экономикалық зерттеулер институтының (DIW) және Кильдегі әлемдік экономика институтының (IfW ) консенсус болжамынан туындап отыр.

Теріс болжамдарға қарамастан, Мюнхендегі экономикалық зерттеулер институты әзірлеген неміс экспорттаушы компанияларының сенім индексі 2024 жылдың наурыз айында алдыңғы көрсеткіштен -1,4 пунктке дейін өсті.

«Әлемдік сауда алдағы айларда қалпына келеді деп болжанып отыр. Ал неміс кәсіпорындары бұл жағдайды пайдаланады», – деді IFO  институты директорының орынбасары Клаус Вольрабе.

Әлемдік нарыққа қысқаша шолу

Чикаго Федералды резервтік банкінің президенті Остан Гулсби Yahoo Finance-ке берген сұхбатында ФРЖ мөлшерлемені 25 б.п. үш рет төмендетеді деп болжап отырғанын айтты.

Goldman Sachs Group Банкінің сарапшыларының пікірінше, америкалық S&P 500 қор индексі ағымдағы жылдың соңына қарай 6 000 пунктке жетуі мүмкін. Бұл жасанды зерде секторындағы ең ірі компаниялардың пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса ғана жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз