GameStop компьютерлік ойындарының  құнды қағаздары 15%-ға төмендеді

Жарияланды
GameStop бейне ойындарының  акциясы 15%-ға төмендеді / Фото:REUTERS/Dado Ruvic

GameStop бейне ойындарын  сатушы компания биылғы жылдың есебін инвесторларға ұсынды. Бейне ойын дүкендері шығындарды азайту үшін  жұмыс орындарын да қысқартты. Компания есебі негізгі сауда сессиясы жабылғаннан кейін шықты. Сөйтіп, постмаркетте GameStop құнды қағаздары 15%-ға арзандады. Сарапшылар мәселенің тек бөлшек саудада емес, бүкіл салада екенін түсіндіреді: ойын ойнаушылар  дүкендерге барып, ойынға ақша жұмсағысы келмейді.

Толығырақ

GameStop америкалық бейне ойын дүкендерінің биылғы  есебінде табыс мөлшері  1,79 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға төмен. Түзетілген есеп бойынша,  акциядан түскен пайда 0,22 долларға жетті. Былтыр ол 0,16 доллар болған еді. Пайда жұмысшыларды қысқартып, консалтингтік қызметтерді жандандырып,  маркетинг шығындарын азайтқан соң, өсті. Компанияның шығындары 21,2%-ға, яғни 357,1 миллион долларға дейін төмендеді.

GameStop үнемдеу шаралары аясында Ирландия, Швейцария және Австриядағы дүкендерін жапты. Компания жұмыстан шығарылған қызметкерлердің нақты санын атамайды. 3 ақпандағы жағдай бойынша GameStop-тың  АҚШ-тағы өкілдігінде 8 мыңға жуық қызметкері жұмыс істесе, ал,  әлем бойынша олардың саны  18 мыңдай болды. Бір жыл бұрын тек АҚШ-тың өзінде 11 мың  және басқа елдерде 14-тен 27 мыңға дейін адам жұмыс істеген.

Кірістер неліктен төмендеді

Reuters жазғандай, тұтынушылар коронавирустық пандемия аяқталғаннан кейін компьютерлік ойындарды аз ойнай бастады. Нәтижесінде бүкіл сала несие, инфляцияның қатаңдығына және сұраныстың баяулауына байланысты қиындықтарға тап болады. АҚШ-тың Take-Two Interactive бейне ойын баспагері ақпан айында пайда болжамын нарық күткеннен төмен түсірді. Бұл оның акцияларының 10%-ға төмендеуіне әкелді. Electronic Arts баспагері де осындай проблемаға тап болды, оның акциялары қаңтар айының соңында 2%-ға төмендеді.

Сарапшылардың айтуынша, ойындарды онлайн сататын бәсекелестер GameStop-қа қысым жасайды. Яғни бұл- Amazon және Ebay.

«Сандық жүктеулердің көбеюі физикалық бөлшек саудаға зиянын тигізеді. Егер тұтынушы ойынға тапсырыс беріп, оны бірден жүктей алатын болса, дүкенге баруға ешқандай себеп жоқ. Егер басшылық дүкен трафигін арттырудың жолын таппаса, кірістің қалпына келуі екіталай», — деді Wedbush Securities сарапшысы Майкл Пачтер Reuters агенттігіне.

Сарапшы GameStop шығындарын азайту үшін қызметкерлерді қысқартуды жалғастырады деп санайды. Бірақ ерте ме, кеш пе сатушының сатылымы «ең төменгі деңгейге түсетініне» сенімді.

Акция

MarketWatch мәліметтері бойынша, Wedbush талдаушысы GameStop акцияларын сатуды ұсынды. Сейсенбі күні негізгі сессияның сауда-саттығы есепті күткен екі күндік сенімді өсуден кейін 15,12 доллар деңгейінде жабылды. Ал компания есебі жарияланғаннан кейін,  құнды қағаз 15%-дан астамға арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз