S&P 500 бес жыл ішінде ең жақсы нәтиже көрсетті

Жарияланды
S & P 500 бірінші тоқсанда ең жақсы нәтиже көрсетті Фото: REUTERS / Brendan McDermid

S&P 500 бейсенбі күні 0,11% – ға өсіп, 5 254,35 белгісінде тоқтады. Бұл кең нарық индексі үшін жаңа тарихи максимум, деп жазды CNBC. Жыл басынан бері S&P 500 рекордты 22 рет жаңартып, 2019 жылдан бергі ең жақсы нәтижені көрсетті. Акциялардың құнына 4 трлн доллар қосылды.

Толығырақ

Жыл басынан бері S&P 500 10,2%-ды қосты. Бұл 2019 жылдан кейінгі бірінші тоқсандағы ең жақсы көрсеткіш. Сол кезеңде индекс 13,1%-ға өскен еді. Dow Jones индексі 5,6% – ға көтерілді. Сондай-ақ тоқсанды 9,1%-ға аяқтаған NASDAQ жақсы нәтиже көрсетті.

Bespoke Investment Group-тың мәліметтері бойынша, S&P 500 соңғы рет 2012 жылы әр кезеңде 10%-дан астам өсіммен екі тоқсанды қатар аяқтады. 1945 жылдан бастап бұл тек жеті рет болды. Өткен жылдың төртінші тоқсанында индекс 11,7%-ға өсті.

Индекстің көтерілуі

Бірінші тоқсанда және осы айдағы өсудің локомотиві Nvidia болды. Ол былтырғы нарық көшбасшысы. Компания жасанды зерде жұмысына арналған чиптерді әзірлеуде. Бұл сала жалпы баяулау белгілерін көрсетпейді және бүкіл S&P 500 индексін жоғарылатады. NVIDIA акциялары тоқсанда 82,5%-ға және наурыз айында 14,2%-ға өсті.

Бейсенбі күнгі сауда сессиясы кезінде S&P 500 индексіндегі 82 акция 52 апталық жаңа биіктерге жетті. Hilton Worldwide, Colgate-Palmolive, Diamondback Energy, Ameriprise Financial, Progressive, Boston Scientific, Cigna, Motorola Solutions және Roper атты компаниялар да  жоғары деңгейге жетті.

JPMorgan мәліметтері бойынша, инвесторлар өткен аптада АҚШ компанияларының  құнды қағаздарын 3,5 миллиард долларға сатып алды.

«Жеке акциялар бойынша, трейдерлер бір жылдан астам уақыт ішінде ең мықты сатып алу серпінін көрсетті. Олар бұрынғы «аю» позицияларын өзгертті. Сондай-ақ NVIDIA-ны агрессивті түрде сатып алды (+1,2 млрд доллар)», – деп жазды JPMorgan компаниясының деректер және жасанды интеллект стратегиясының жетекшісі Пэн Ченг.

Meta және Supermicro Computer қағаздары да белсенді түрде сатып алынды.

Екінші тоқсанда не болады?

Bespoke Investment Group-тың мәліметтері бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, S&P 500 индексінің екі таңбалы өсуі екі рет қайталанды.

Strategas Research Partners сарапшыларырың айтуынша, технология және коммуникация қызметтерінің баяулай бастағандығы байқалады. Бірақ бұл нарықтың өсуі тоқтайды дегенді білдірмейді.

S&P 500 индексі 2023 жылдың қазан айындағы ең төменгі деңгейден 27% – ға көтерілді. Strategas есептеулері бойынша, кең нарық индексі бес айлық кезеңде 27% – ға өскен.

JPMorgan Chase жаһандық акцияларының бас стратегі Дубравко Лакос-Бужас тұтынушыларға америкалық нарықтың бес айлық өсуі тоқтаған кезде импульстік сауданың «сан соқтыруы» мүмкін екенін ескертті. Сарапшының пікірінше, бұл кез келген уақытта болуы мүмкін.

«Керемет жетілік» жаңалықтары

Tesla акциялары бірінші тоқсанда 29% – ға төмендеді. S&P 500 рейтингіне бүгінгі күнге дейін ең нашар көрсеткіш көрсетуде. Бұл Tesla-ның 2022 жылдың төртінші тоқсанындағы ең әлсіз тоқсандық нәтижелері. Соңғы 12 айда компанияның акциялары сол кезеңдегі S&P 500 32% өсімімен салыстырғанда 6,7% – ға арзандады.

Apple тоқсанды 11% -дық төмендеумен аяқтады. Бірақ бұл төмен көрсеткіштер одан әрі жалғасады дегенді білдірмейді, деп жазды CNBC.

Boeing компаниясына қатысты тергеуге, ұшақ өндірісін шектеуге және бас директор Дэйв Калхунның отставкаға кететіні туралы хабарлау кезінде бағалы қағаздар құны 25%-ын жоғалтты.

Сондай-ақ оқыңыз