Астанада су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды
Астананың волонтерлық штабы Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге волонтерлық және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп гуманитарлық көмек жинай бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Гуманитарлық көмек жинау мекенжайларының жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан заттарды тапсырар алдында қоймаға қоңырау шалу керек.
Волонтерлық штабтардың мекенжайлары мен байланыс нөмірлері:
- Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат. «Астана жастары» КММ Қалалық волонтерлік штаб; Жұмыс кестесі: 09:00-ден 20:00-ге дейін. Қосымша барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (701) 356-22-96, Эльвира.
- Астана қаласы, Петров көшесі, 7. «LIDER.KZ» волонтерлер қозғалысы. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 19:00-ге дейін; Тел: +7701 429 1076 Татьяна;
- Астана қаласы, Қалдаяқов көшесі, 11. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет. Тел: +7707 947 7562 Салтанат;
- Астана қаласы, «Саранда» ТК, Әл-Фараби көшесі, 16-үй; «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы;Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет. Тел: +7701 177 3862 Татьяна;
- Астана қаласы, Тамшалы көшесі, 24; «QANAT» волонтерлер қозғалысы;Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7747 585 6202 – Меруерт, +7702 759 9447 – Бибігүл;
- Астана қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 21б. «Ерекше әлем» ҚҚ. Жұмыс кестесі: 11:00-ден 22:00-ге дейін. Тел: +7701 959 3611 – Ботакөз;
- Астана қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 26; «Клуб Добряков Астаны. Жұмыс кестесі: Жексенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін, қалған күндері алдын ала хабарласу керек. Тел: +7777 866 7711 – Динара;
- Астана қаласы, Қарасай батыр көшесі, 2. “Истоки добра», Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі 13.00-ден 17.00-ге дейін. Тел: +7701 405 8207 – Динара;
- Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 25/2. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7775 308 6604 – Жанна.
Су тасқынанан үлкен зардап шекккен Қостанай облысында су тасқыны қайталануы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 2024 жылғы 31 наурыздан бастап Қостанай облысының аумағында ауа температурасы күндіз +20 градусқа дейін көтеріледі. Аптаның ортасында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
«Осыған байланысты Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың оңтүстік аймақтарында су тасқыны қайталануы мүмкін деп болжап отыр. Оған қоса облыс орталығы мен солтүстігінде күрделі су тасқыны болуы мүмкін. Қарасу, Әулиекөл, Наурызым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарына қауіп төніп тұр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ресей Федерациясынан ірі өзендер бойымен су келуі мүмкін. Су ағыны өте жоғары, Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданына қауіп төніп тұр.
ТЖ аймақтардан 11 306 адам эвакуацияланды
Айта кетейік, ТЖ аймақтарынан барлығы 11 306 адам эвакуацияланды.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
ТЖ салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа үй салуға ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетін болды. Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.