Үндістандағы алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
shutterstock
Үндістандағы алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді / shutterstock

1 сәуірде Үндістандағы алтын фьючерстері рекордтық деңгейге жетіп, бағалы металға деген сұраныстың төмендеуіне алып келді.

Reuters ақпаратына сүйенсек, алтын саудасымен айналысатын диллерлер бағалы металл құнының өсуі ішкі нарыққа айтарлықтай өзгеріс алып келеді. Себебі баға өскен сайын алтын сатылымы түсе береді. 

Ішкі нарықта алтын бағасы 10 грамм үшін 69 487 үнді рупийіне (834,07 доллар) дейін өсті. Бұл 2024 жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда 10% өсім болып отыр.

Наурызда Үндістанға алтын импорты өткен аймен салыстырғанда 90%-ға азайған. Тіпті COVID пандемиясы кезіндегі деңгейге жетіп, төмендеп кеткен. 

Осыған дейін Қытай юанының төмендеуіне байланысты Үндістан рупиясы біраз қысымға ұшырауы мүмкін екенін жазған едік. Бұл көптеген азиялық валюталардың құлдырауына әкеліп соғады.

Reuters агенттігі сейсенбі күні рупия АҚШ долларына шаққанда 83,28 мәнімен жабылғанына қарап, оның сәрсенбіде де осы мәнді сақтап қалатынына сенімді.

Алайда өзге азиялық валюталардың төмендеуі рупияға да өз әсерін тигізетінін айтады. Мысалы, Қытай юаны долларға шаққанда 7,25 төмендесе, Жапония иені 1990 жылдағы ең төменгі мәнге жетіп, 151,88 мәнімен жабылған.

Өткен аптада юань бағамының төмендеуі доллар ағынымен бірге рупийге қысым көрсетіп, оны жұмада рекордтық деңгейге көтерді. Бірақ сейсенбіде валюта шамамен 0,2% қалпына келді.

26 наурызда жарияланған мәліметтерге сәйкес, Үндістанның ағымдағы шотының (CAD) тапшылығы қазан-желтоқсан айларында 10,5 млрд долларға дейін төмендеді.

Айта кетейік, осыған дейін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди G7 отырысында сөйлеген сөзінде БҰҰ бұдан былай қақтығыстардың алдын ала алмайтынын айтып, оны реформалауға шақырғанын жазған едік.

«БҰҰ бүгінгі күннің шындығын көрсетпейді. ХХ ғасырда құрылған ұйымдар ХХІ ғасырдың шындығын көрсетпейді. Сондықтан БҰҰ сияқты ірі институттарды реформалау қажет. Әртүрлі форумдарда бейбітшілік пен тұрақтылық туралы не үшін айтуымыз керек екенін талдауымыз қажет. Бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылған БҰҰ бүгінде неліктен қақтығыстардың алдын ала алмай отыр?» – деген еді ол.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Үндістан Қытайды әлемдегі ең көп қоныстанған ел ретінде басып озды. Үндістанның халқы 1,428 миллиард адамнан асты. Ал Қытайда халық саны 1,425 миллиард адамды құрайды.  

Сондай-ақ оқыңыз