Астанада KazChess Awards жеңімпаздары марапатталды

Жарияланды (жаңартылды )
В Астане наградили лучших представителей шахматного сообщества
Астанада KazChess Awards сыйлығы табысталды/Фото: ҚШФ

Астанада KazChess Awards – шахмат әлеміндегі Оскар сыйлығын табыстау шарасы ұйымдастырылды.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов шахмат қауымының үздік өкілдерін марапаттады. Олардың арасында спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілер бар. Биыл аталымдар тізімі 12 санатқа дейін артты, былтыр 9 аталым болды. Бұл шараға Freedom Holding Corp қолдау білдірді.

«KazChess Awards жүлдесі дәстүрге айналып келеді. Осымен екінші жыл қатарынан үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді және Қазақстандағы шахмат спортының дамуына белгілі үлес қосқандарды марапаттадық. Бұл – өте маңызды шара, өйткені табанды еңбек жолы әділ бағалануы керек және лайықты түрде ынталандырылуы керек. Ал 2023 жыл оқиғалар мен жетістіктерге толы жыл болды», –деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясының президиум мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Іріктеу кезінде спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстардағы жеке көрсеткіштері ескерілді. Сонымен «Үздік ер спортшы» аталымы Алдияр Аңсатқа, «Үздік спортшы әйел» аталымы Ксения Балабаеваға, «Жыл үміті» аталымы Данис Қуандықұлына, «Жыл жаттықтырушысы» аталымы Александр Моисеенкоға, «Өрлеу – 2024» аталымы Зарина Нұрғалиеваға, «Үздік төреші» аталымы Кәусар Бауыржанға, «Ерлер арасындағы үздік ардагер» аталымы Айтқазы Баймурзинге, «Әйелдер арасындағы үздік ардагер» аталымы  Ирина Булановаға, «Жылдың үздік партиясы» аталымы Әлішер Сүлейменовке, «Үздік шахмат бақылаушысы» атылымы  Александр Ляховқа, «Үздік команда» аталымы Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасына берілді. БАҚ арасындағы жыл серіктесі – «Курсив» деп танылды. Үздік телеарна – «Qazsport» арнасы.

Сондай-ақ оқыңыз