Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні не себепті көріпкелге хабарласқанын айтты

Жарияланды
Қуандық Бишімбаев көріпкелге не үшін хабарласқан?/Фото: Асқар Ахметуллин

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

8 сәуірдегі сот отырысында да экс-министрге жәбірленуші тарап өкілдері сұрақ қойып жатыр.

Адвокат Жанна Уразбахова Бишімбаевтан 2023 жылдың 9 қарашасында сотталушының не себепті көрікпелге хабарласқаны туралы сұрақ қойды.

«Өз жауабыңызда 9 қарашада көрікпелге хабаралсқаныңызды айттыңыз. Ол кім? Қанша уақыттан бері таныссыздар? Қай қалада тұрады?», – деп сұрады адвокат.

Сотталушы Бишімбаев көрікпелдің Шымкентте тұратынын, шамамен 1,5-2 жылдан бері бизнес мәселесі бойынша хабарласып тұрғанын жеткізді.

«Көрікпел деп атаған кісінің медициналық білімі бар-жоғынан хабарыңыз бар ма?», –  деп сұрады адвокат Уразбахова.

«Бұл маған белгісіз, бірақ мен үнемі оған сендім»,– деп жауап берді Бишімбаев.

Жанна Уразбахова жанында медициналық көмекті қажет етіп жатқан әйеліне басқа қалада тұратын көрікпел қалай көмектесуі мүмкін екенін нақтылады.

«Ол (Салтанат Нүкенова – ред.) ұйықтап жатты. Мен оған (көрікпелге – ред.) сенім арттым. Бизнеске қатысты сұрақтарыма дұрыс жауап беретін. Салтанаттың мұрны ісіп, беті көгере бастады. Оның неге алып келетінін білгім келді. Көріпкел «кешке дейін ұйықтап, жақсы болады. Ішімдік ішті, шаршады», деді», – деп жауап берді Бишімбаев.

Сондай-ақ адвокат Игорь Вранчев: «Салтанатты сондай күйде көрмеу үшін мейрамхананы жабу туралы ой келгенін айттыңыз. Мейрамханадан, сол нысаннан қалай шығуды ойладыңыз? Бірнеше көңіл көтеретін орын тәулік бойы жұмыс істейтінін айттыңыз», – деп сұрады.

«Лифт тікелей паркингке түседі. Қонақтар болмаған кезде Салтанат оянған соң, сол лифт арқылы түсеміз деп ойладым. Салтанатты ұрып-соққан жер көрсетілген дәліз оқшауланған, басқа ойын-сауық орны жоқ. Лифт арқылы түсіп, Байжановтың көлігіне мініп кетеміз деп ойладық», – деді Бишімбаев.

Адвокат лифт ортасына орындық қойған кезде оны жоғары қабатқа шақыру мүмкін-мүмкін емес екенін нақтылады. Бишімбаевтың айтуынша, мұндай жағдайда лифтіні шақыру мүмкін емес. Алайда ол лифтінің ортасына кімнің орындық қойғанын нақты айта алмады. Қызметкерлер немесе жөндеу жұмысын жүргізіп жатқандар қоюы мүмкін екенін айтты.

4 сәуірде сотталушы айыптау тарапының сұрақтарына жауап берген. Ал 1 сәуірде экс-министр қылмыстық кодекстің 110-бабы («қинау») негізінде қорғау тарапының сұрағына жауап берген еді. 3 сәуірде өтіп жатқан сот отырысында қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («аса қатыгездікпен адам өлтіру») негізінде сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз