Иран мен Израиль қақтығысына байланысты G7 саммиті мен БҰҰ қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізбек

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Иран мен Израиль арасындағы жағдай шиелінісіп тұр. Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты G7 саммиті мен БҰҰ қауіпсіздік кеңесі өзекті мәселелерді жедел талқыламақ. G7 ұйымына төрағалық ететін Италияның премьер-министрі Джорджии Мелони «үлкен жетіліктің» отырысының маңыздылығы өте жоғары деп хабарлады.

Жексенбіге қараған түні Иран шабуылдаушы дрондары мен зымырандарын пайдаланып, Израиль мемлекетін атқылады. БҰҰ-ның Израильдегі тұрақты өкілі Гилад Эрдан дүниежүзілік ұйымды Иранның оспадар шабуылын айыптауға шақырды. Оған қоса ирандық қорғаныс корпусын террорлық ұйым деп жариялауды ұсынды.

БҰҰ қауіпсіздік ұйымы мұның назардан тыс қалмайтынын, бүгін кешкілік уақытта кезектен тыс отырыс өткізетіндерін мәлімдеді.

Бүгін Air Astana Астана – Дубай – Астана рейстерінің Иран әуе кеңістігіне қауіп төнуіне байланысты шегерілгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз