БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің әрқайсысына 369 200 теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек берілуде. Осы аптада қаражат көлемі артқан

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Облыста табиғат апаты салдарынан қиындыққа тап болған тұрғындарға 184 600 бір реттік әлеуметтік көмек қаражаты үлестірілуде. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек 369 200 теңгеге артты. Бұған дейін өтінім бергендерге қайтадан құжат жинау міндеттелмейді.

– Биылғы көктемде өңірде болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге және қиын жағдайға тап болған отбасыларға осы кезге дейін 50 АЕК мөлшерінде, яғни 184 600 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінгі таңда 677 отбасына көмек көрсетілді. Оның сыртында 1300-ден астам отбасы өтініш берді. Осы аптадан бастап көрсетілетін көмектің көлемі екі есе ұлғайтылып, 100 АЕК, яғни әр отбасына 369 200 теңге көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Көмек көрсету әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар 184 600 теңге көмек алған отбасылар қайта құжат жинамай, тек өтініш беру арқылы екінші мәрте көмек ала алады. Айта кетейін, тасқыннан зардап шеккендерге бүлінген үй-жайлары мен басқа да шығындарының көлемі комиссия анықтағаннан кейін арнайы көмек көрсетіледі, – деді БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Сондай-ақ оқыңыз