Павел Дуров Такер Карлсонға Ресей мен АҚШ билігінің қысымы туралы айтып берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
дуров
Павел Дуров Такер Карлсонға Ресей мен АҚШ билігінің қысымы туралы айтып берді / Видеодан алынған кадр

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров америкалық журналист Такер Карлсонға Ресей мен АҚШ барлау агенттіктерінің қысымы туралы айтты. 

Америкалық журналистке берген сұхбатында ол мессенджер Ресей билігімен байланысты деген мәлімдемені Telegram бәсекелестері таратып жүргенін айтты.

«Жаңа компания құру үшін АҚШ-қа барғанда ФБР қысымына тап болдым. Әуежайдағы барлау агенттіктері мессенджердің жұмысы туралы көбірек білуге тырысып, Telegram-ға қатысты түрлі сұрақтар қойды. Бірде ФБР агенттері менің үйіме де келді», – деді Дуров.

Ол осы оқиғалардан кейін өзінің жаңа компаниясын АҚШ-та құру туралы ойдан бас тартқанын атап өтті. 

Бұдан бөлек, Дуров Ресейде де қысым көргенін айтқан. VK әлеуметтік желісін басқарған кезде оған билік қысым көрсеткен. Содан кейін оған Украинада наразылық ұйымдастырушыларының жеке мәліметтерін көрсетуді талап еткен. Дуров бас тартқан кезде, қауіпсіздік қызметкерлері оның үйінде тінту жүргізеді.

«Маған таңдау берді. Олардың бар айтқанына бағыну немесе әлеуметтік желідегі үлесімді сату, бас директор қызметінен кету және елден кету. Мен елден кетіп, Telegram құруды шештім», – деді ол.

Сонымен қатар Дуров мессенджерге ең көп қысым үкіметтерден бөлек, Apple және Google корпорацияларынан болатынын атап өтті.

«Егер Telegram олардың ережелерін сақтаудан бас тартса, мессенджер қолданбалар дүкенінен шығарылатыны бізге түсінікті. Екі корпорацияның да платформасы сіздің телефоныңыздағы мәліметтерді цензуралауы мүмкін», – деді Дуров.

Сонымен қатар ол Telegram компаниясын құруға ниеттеніп, бірнеше елді аралап көргенін, алайда сөз бостандығы мен бизнес жүргізу еркіндігі үшін Біріккен Араб әмірліктерін таңдағанын айтты. Бұл елдің билігі компанияға бірнеше талап қойған. Дуров ол талаптарда зорлық-зомбылық мазмұнындағы ақпараттарды жою болғандықтан, орындағанын атап өтті.

Telegram мессенджерін белсенді қолданушылардың саны айына 900 миллионды құрайды. Бұл туралы танымал желінің негізін қалаушы Павел Дуров Financial Times басылымына берген сұхбатында айтқан еді.

«Инвесторлар қазір Telegram-ды 30 миллиард доллардан астамға бағалайды», – деп атап өтті сұхбат барысында Павел Дуров.

Ол қазір миллонер компанияны IPO-ға шығару туралы ойланып жүр. 

Дуровтың айтуынша, инвесторлар, соның ішінде соңғы сатыдағы стартаптарға инвестиция салатын «жаһандық технологиялық қорлар» желіні 30 млрд доллардан астамға бағалаған. Компанияға толық иелік ететін миллиардер оны сату мүмкіндігін жоққа шығарды. Бірақ IPO туралы ойланып жүргенін растады. Дуров бұл мессенджер құндылығына «қолжетімділікті демократияландыру» мүмкіндігі деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз