Тesla Илон Масктен негізсіз сыйақы үшін 56 млрд доллар төлем сұрайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тesla Илон Масктен негізсіз сыйақы үшін 56 млрд доллар төлем сұрайды / shutterstock

Тesla компаниясы өз басшысы Илон Масктен өз тарихындағы ең үлкен көлемді төлемді, яғни 56 млрд доллар сұрайды.

BBC ақпаратына сүйенсек, электромобильдер компаниясы акционерлерден Илон Масктың 2018 жылы компаниядан алған сыйақысына қатысты есеп сұрап жатыр. Қаңтар айында «америкалық сот жүйесі» келісімдегі соманы нақтылап келуді тапсырған.

Мәселе Маск компания қызметкерлерінің 10%-нан астамын қысқарту туралы жоспарын жариялағаннан кейін қайта көтерілді. Миллиардер қысқартуға қатысты шешімнің «заман талабы» екенін жазған.

Енді компания оның 2018 жылы алған сыйақысын қайта тексеруді талап еткен. Делавэр штаты судьясы Кэтлин Маккормик сыйақы төлеу туралы шешім қабылдағанда акционерлер әділетсіз болды деп мәлімдеген. Олар Масктың компаниядағы жұмысына емес, әлемге белгілі супер жұлдыз екендігіне баса назар аударып, оның жұмысы туралы толық ақпарат ала алмаса да, сыйақы мөлшерін өсірген.

Судьяның бұл шешімі Илон Масктың ашуына тиіп, ол Tesla компаниясының штаб-пәтерін Делавэрден Техасқа көшіремін деп қорқытқан.

Басқарма төрағасы Робин Денхолм Масктың Tesla-дағы жұмысына жалақы төленбейтіндіктен, оған қомақты сыйақы төлеу әділетті деген көзқарасын айтып, сот шешімі корпоративтік заңнаманы бұзатынын ескерткен.

Алайда 15 сәуірде компания акционерлері судья шешімімен келісіп, 2018 жылғы төлем пакетін қайта қарауды жөн көрген. BBC жазуынша, мұның негізгі себептерінің бірі компанияның 2024 жылы өте аз көлемде электромобиль сатуынан болып отыр.

Егер АҚШ үкіметі сауда шектеулерін енгізбесе, қытай автокөлік өндірушілері басқа автомобиль компанияларының көпшілігін басып озады. Бұл туралы 2023 жылдың қорытындысын шығару кезінде Tesla компаниясының басшысы Илон Маск айтқан. 

The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, 2023 жылдың соңғы үш айында BYD 526 000 электрокарь сатты, ал Tesla тек 484 500 көлік сатқан. Негізгі драйвер Қытай нарығы. BYD көліктері Таиланд, Аустралия мен Израиль нарықтарында көш бастап тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз