Израиль зымырандары Ирандағы Исфахан әуежайына соққы жасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
иран
Израиль зымырандары Ирандағы Исфахан әуежайына соққы жасады / shutterstock

18 сәуір кешке Израиль өз зымырандарымен Ирандағы Исфахан қаласының әуежайы маңын нысанаға алып соққы жасады. 

ABC News ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың ресми өкілі Иран Сириядағы Иран елшілігіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге ұшқышсыз зымырандар атқаннан кейін Израиль жауап қайтарған.

Иранның Fars ақпарат агенттігі Исафахан қаласының әуежайында жарылыс естілгенін, бірақ жарылыстың себебі бірден белгілі болмағанын хабарлады. Исфахан провинциясында бірнеше ирандық ядролық қондырғылар, соның ішінде ирандық уранды байыту бағдарламасының Орталық нысаны орналасқан.

Bloomberg өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, бейсенбіде Израиль шенеуніктері АҚШ алдағы 24-48 сағатта Иранға қарсы соққы беруді жоспарлап отырғанын хабарлағанын жазады.

Өткен демалыс күндері Иран Сириядағы елшілігінің аумағына Израильдің соққысына жауап ретінде жүздеген дрондар мен зымырандарды атқан. Дрондар мен зымырандардың көпшілігі өз аумағына жеткенге дейін Израиль атып түсірген.

Бейсенбіде Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Израиль «біздің мүдделерімізге қарсы кез келген әскери айланы тоқтатуға мәжбүр болуы керек» деп мәлімдеген. 

Израиль Иранның зымырандар шабуылына және 13 сәуірдегі дрондар шабуылына байланысты жауап қайтаратынын мәлімдеген.

2023 жылы 7 қазан күні Газа аумағында билік құрып келе жатқан «Хамас» ұйымы Израильге шабуыл жасады. Кейіннен Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайтынын мәлімдеді.

«Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз