Елордада орталық даңғылдардың бірін еріген қар суы басты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
паводки
Астанадағы орталық даңғылдардың бірін еріген қар суы басты / ҚР ТЖМ

Астанада еріген су жайылып, қаланың Есілдің сол жағалауындағы ЭКСПО аумағына баратын Ұлы дала даңғылын су басты.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қардың көп еруіне байланысты полигонға қар шығару үшін Ұлы Дала даңғылындағы асфальт жолға еріген қар суы жайылып ағып жатыр», – делінген хабарламада.

@kursiv.media.kz

⚡️Астанадағы жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, еріген қар суы қаладағы даңғылға жайылған

♬ original sound – kursiv.media.kz

«Қазавтожол» мәліметіне сүйенсек, 19 сәуірдегі жағдай бойынша бес облыста (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай және СҚО) 774 шақырым жолда шектеу қойылып, республикалық маңызы бар 14 трассада қауіпті жағдай сақталған.

Су тасқынына қатысты өңірлердегі жағдай 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаштың айтуынша, қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары мен су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды», – деді Сайпаш.

6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде тұрып жатыр. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалған. 

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыз