Бір күнде үш министрдің орынбасары тағайындалды

Жарияланды (жаңартылды )
Үш министрліктің вице-министрлері тағайындалды/ kursiv.media

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен Қуандық Қажкенов Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, Батырбек Әбдішев Төтенше жағдайлар вице-министрі, Ростислав Коняшкин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Қуандық Қажкенов 1984 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, «Көкше» Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке компанияда инженер-электрик болып бастаған.

2008-2009 жылдары – ғылыми-техникалық орталықта инженер-жобалаушы.

2009 жылдан бері «Мемсараптама» РМК құрылымында қызмет етті.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Мемсараптама» РМК бас директоры.

Жуырда Қуандық Қажкеновтің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіру үшін құрған үш жедел топтың біріне жетекшілік ететіні белгілі болды.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. ҚР Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы шекара-командалық училищесiн бітірген.

Түрлі жылдары арнайы мемлекеттік органдарда, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.

Ростислав Коняшкин 1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке ұйымда кеңесші болып бастаған.

Түрлі жылдары ақпараттық-коммуникациялық салада, «Азаматтарға арналған үкімет» ҚЕАҚ, Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қорында жұмыс істеген.

2021 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы.

Сондай-ақ оқыңыз