LRT құрылысы: Астанадағы орталық көшелердің бірі 7 айға жабылады
Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесінің бір бөлігі жеті айға дейін жабылып, көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Елорда әкімдігінің мәліметінше, онда 112-ші LRT станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
«24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.
Өз кезегінде Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады. Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Елордалық жеңіл рельсті трамвайдың (LRT) бірінші кезеңін 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Ал жобаны іске асырып жатқан Сity Transportation Systems компаниясы.
Жобаны іске асыру мерзімі үздіксіз қаржыландыру кезінде 2025 жылға жоспарланған. Алайда 1-кезеңді 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр», – делінген Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «Курсив» сұрауына берген жауабында.
Жобаның жалпы құны 1,887 млрд долларды құрайды. Бір құрамның максималды сыйымдылығы-652 адам, шекті жылдамдығы-80 км/сағ. Әрбір құрамды оператор қашықтан басқарады деп күтілуде.
LRT құрылыс дирекциясының басшысы Серік Әйтімбетов бірінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе сынақ сапарлары және техниканы бейімдеу арқылы тестілеуден өтетінін түсіндірді.
Жыл басынан бері Астанадағы LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Көлік министрі ағымдағы жылы 45 млрд теңге бөлу жоспарланғанын осыған дейін жазған болатынбыз.