Жаңа «Наурыз» ипотекасы. «Отбасы банкі» бағдарлама шарттарын жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
«Наурыз» бағдарламасы бойынша 36 миллион теңгеге дейін баспана алуға болады / коллаж: kursiv.media

Елімізде 1 мамырда іске қосылады деп жоспарланған «Наурыз» жаңа ипотекасы бес күн ерте басталады. Бағдарлама операторы «Отбасы Банкі» 25 сәуірде қазақстандықтардың өтініштерін қабылдауға дайын. Өтініштерді қабылдау маусым айының соңына дейін созылады. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Нұрлан Ақшановтың айтуынша, Қазақстанның барлық азаматы, сондай-ақ 18 жастан 63 жасқа дейінгі қандастар ипотекаға үміткер бола алады.

«Бұрынғы «Отау» бағдарламасына қарағанда, біз салым мерзіміне шарт қоймаймыз. Яғни 30 сәуірде депозит ашып, оны миллион теңгеге толықтырып, іріктеуге қатысуға болады. Соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік немесе меншік құқығындағы жылжымайтын мүлікпен ешқандай операциялар болмауы керек», – деп түсіндірді Ақшанов.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие мөлшерлемесі 7 пайыз, ал қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайызды құрайды. Бастапқы жарна – 20 пайыз, несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін созылады.

«Біз қазір құрылыс компанияларымен, серіктестермен тығыз байланыстамыз және олардың барлығы ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына байланысты сұраныстың төмендеуін сезінуде. Сондықтан қазір сатып алушының уақыты келді деп ойлаймын және баға қазіргі деңгейде ең болмағанда тұрақты болады деп үміттенеміз», – деді Ақшанов.

«Наурыз» бағдарламасы бойынша Астана мен Алматыда баспана құнын 36 млн теңге, өңірлерге 30 млн теңге етіп бекіту ұсынылып отыр. Банк төрағасының орынбасары мәлімдегендей, өтінімдерді қабылдау биыл 1 мамырдан басталса, келесі жылы наурызда басталады. Ол 24 маусымға дейін созылады. Қабылданған үміткерлерді бағдарлама автоматты түрде іріктейді. Олардың тізімі банктің ресми сайтына жарияланады. Өтінімдер 1 шілде мен 31 тамыз аралығында несиеге өтінімдер қабылданса, 1 шілде мен 15 желтоқсан аралығында несие беріледі.  31 тамызға дейін тізімге енген қазақстандықтар банкке келіп, төлем қабілеттілігін растауы керек, ал 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін «Баспана Маркет» порталында баспана таңдауы қажет.

«Наурыз» бағдарламасы, сондай-ақ «Отау» бағдарламасы бойынша қолжетімді болатын барлық жылжымайтын мүлік «Баспана Маркет» порталында орналастырылады. Кешеден бастап құрылыс салушының ​​кеңсесінде 4 нысанды коммерциялық пайдалануға бердік. Бағдарламаның басында барлық нысанның толық көрмесі қолжетімді болады деп ойлаймын», – деді Ақшанов.

Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде қайталама тұрғын үйге беріледі, бірақ жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-дан аспайды. Бағдарлама сегіз жылға созылады. Сондықтан бастапқы жарнаға жеткілікті ақша жинай алмаған азаматтар болашақта жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы жылы бағдарлама бойынша 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылатынын мәлімдеді.

64 мың азаматты үймен қамту үшін 1 трлн теңге қаражат қаралуда

Еске салайық, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында биыл 64 мың азаматты тұрғын үймен қамтуға 1 трлн теңге қаражат көзделгенін мәлімдеген еді.

Министр биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 339 млрд теңгеге 22 мыңнан астам арендалық пәтер сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

«Қосымша, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап 7 – 9% мөлшерлемесімен жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосылатынын айта кеткен жөн. Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие беріледі. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие берілетін болады», – деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз