Ильхам Әлиев Әзірбайжанның ЕАЭО кіруге мүдделі емес екендігін айтты
Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіруді жоспарламайды. Бұл туралы Республика Президенті Ильхам Әлиев Бакуде өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді.
Ведомости ақпаратына сүйенсек, Әлиев Әзербайжанның болашақта ЕАЭО кіруге мүмкіндік болатынын айтып, болашақта шешім өзгеруі мүмкін екендігін айтты.
«Мұның бәрі одаққа жақынырақ болудан қандай қосымша экономикалық пайда алатынымызға байланысты болады. Егер біз пайданы болжай алсақ, сол кезде шешім қабылдаймыз. Егер пайданы көрмесек, қазіргі ынтымақтастық деңгейі де қанағаттандырады», – деп түсіндірді Әзірбайжан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапары қарсаңында сұхбат беріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа баға берген.
Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өндірісі бойынша ең төменгі өсім көрсеткен. Өнеркәсіп саласы екі айда 4,6% өскен.
Ең жоғары көрсеткіш Армения (28,9%), Қырғызстан (7,8%), Беларусь (7,1%), Ресей (6,6%) мемлекетінде тіркелген.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО жалпы өнеркәсіптік өндірісінің 87,5%-ы – Ресейге, 7,3%-ы – Қазақстанға, 4,3%-ы – Беларуське, 0,5%-ы – Армения мен 0,4%-ы Қырғызстанға тиесілі.