Титаник жолаушысының алтын сағаты аукционда рекордты 1,46 млн долларға сатылды

Жарияланды
Титаник жолаушысының алтын сағаты аукционда рекордты 1,46 млн долларға сатылды / коллаж kursiv.media (BBC / REUTERS / NATIONAL MARITIME MUSEUM HANDOUT) бильд-редактор: Денис Андреев

Титаниктегі ең ауқатты жолаушылардың біріне тиесілі болған алтын қол сағат 1,46 млн долларға сатылды. Бұл тарихтағы аукциондарда жеке заттарға ұсынылған ең қымбат баға болып отыр. 

Henry Aldridge & Son аукцион үйі қираған кемеден табылған құнды дүние шамамен 125-190 мың доллар шамасында бағаланады деп болжаған. Сөйтіп өткен сенбідегі аукционда Джон Джейкоб Астордың Waltham брендінен шыққан 14 карат алтын сағаты 75 000 доллардан бастап саудаланады. Оны 1,46 млн долларға Америка азаматы сатып алды.  

Сағатқа JJA деп бұрынғы иесінің аты жөнінің бас әріптері басылып жазылған. Құтқарушылар Джон Джейкоб Асторды Титаник батып кеткеннен бірнеше күн өткен соң тапқан (Титаник 1912 жылғы сәуірдің 14-нен 15-іне қараған түні батты). Джон Астор табылғанда қолында аукционда сатылған сағат, гауһармен көмкерілген алтын жең қадауышы, қалтасында 225 ағылшын паунды мен 2 440 АҚШ доллары көлемінде қағаз ақша болған. 

«Сағатты Колонель Астордың отбасына қайтарғаннан кейін толық реставрацияланды. Оны ұлы таққан», – делінген аукцион үйі мәлімдемесінде. 

Астор Титаниктегі ең бай жолаушы ретінде танылған. Сонымен қоймай сол уақыттағы әлемдегі бақуатты азаматтардың қатарында да еді. Оның барлық дүние мүлкі ХХ ғасырдың басында 87 млн долларға бағаланған. Бұл қазіргі бағаммен бірнеше миллиардқа тең. 

Астор аяғы ауыр келіншегін соңғы құтқарушы қайыққа отырғызып болғаннан кейін жан тапсырды. Әйелі апаттан аман қалды.  

Жалпы Титаниктен табылған артефактарды сату әуелден келе жатқан дәстүр. Мысалы, 2013 жылы кемеден табылған скрипка 1,4 млн долларға сатылған еді. Ал аспаптың қабы бөлек 450 мың долларға саудаланды. 

Титаникте табылған заттарды осынша қымбатқа сату «таңғаларлық жағдай» дейді аукционер Эндрью Алдридж. Оның айтуынша, аукциондағы бағалар атрефактардың маңызы мен жалпы Титаник оқиғасының адамзат баласына ерекше қызық екенінің көрінісі. 

Сондай-ақ оқыңыз