Алматы соты қыз зорлап, адам тонаған күзетшіні 8 жылға бас бостандығынан айырды
Алматы соты бар күзетшісі, 24 жастағы Дінмұхамед Құдайбергенді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Оған зорлау және тонау әрекеті бойынша айып тағылған. Ол мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
29 сәуір күні Алмалы аудандық соты Дінмұхамед Құдайбергенге қатысты үкім шығарды. Тергеушілердің айтуынша, ол барда күзетші бола жүріп, 2023 жылдың тамызында өміріне қауіп төндіре отырып, қыз зорлаған. Өлтіру қатерін төндіруге ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Ал қараша айында өзінің жазасыз екенін түсініп, адам тонаған.
Қылмыстық іс жыныстық қылмыспен байланысты болғаннан кейін процесс жабық режимде өткен (ҚР ҚК 29-бап).
Сот 2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П.- мен танысқанын анықтады.
«Кейін соталушы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң, сотталушы жиналмалы пышағын шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерін жасап, содан кейін зорлаған», – делінген хабарламада.
Сотталушыға екінші эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды. Сот барысында сотталушы өзінің жазасыздығын түсініп, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында тағы бір қылмыстық іс жасауға ниеттенгені анықталған.
«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К., қаланың түнгі клубтарының біріне келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетіне соққы беріп, содан кейін қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші, сотталушының физикалық артықшылығын түсініп, қалтасынан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын шығарады. Ақшаны алған соң, сотталушы жәбірленушіден ұялы телефонының және мобильді қосымшасының кодын хабарлауын сұрайды, содан кейін 10.000 теңге көлеміндегі сумманы онлайн өзіне аударып, жәбірленушіге ұялы телефонын қайтарады, содан кейін белгісіз бағытқа кетеді»,– делінген хабарламада
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары, сараптама қорытындылары, куәлардың айғақтары және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденген.
Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
2023 жылдың қараша айында Ұлжан есімді азаматша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап жүгінген. Ол қаладағы барлардың бірінде күзетшінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты. Бірақ оқиға орнына келген полицейлер оған арыз жазуға кедергі келтіріп, прокуратура оған сенбей, қысым көрсеткен. Оның үстіне, 10 күн қамауда ұстапған соң, құқық қорғау органдары күдіктіні босатқан. Алматы тұрғыны бұл мәселені мемлекет басшысынан жеке бақылауға алуды сұрады.
Осыдан кейін іс алға жылжыды. 2023 жылдың 29 қарашасында күдікті қамауға алынып, оның ісі қаңтар айында сотқа жіберілді.