Freedom Broker Kaspi.kz-ке қатысты болжамын жаңартты: сарапшылар компания акцияларының өсу әлеуеті жоғары дейді
Freedom Broker Kaspi.kz-ке қатысты болжамын жаңартты. Бұған себеп – компанияның бірінші тоқсандағы қаржы нәтижелері. Сарапшылар есепке оң баға беріп, динамика себептерін атады.
«22 сәуір «Kaspi.kz» АҚ 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржы нәтижелерін жариялады. Есепті орта есеппен «оң» деп бағалауға болады. Өйткені компания 2024 жылы алға қойған даму болжамдарынан асып түсті. Бірінші тоқсандағы таза кіріс бір жылмен салыстырғанда 28% өсті, бұл болжанған 25%-дан сәл жоғары», – деп түсіндірді Freedom Broker мамандары.
Сарапшылардың айтуынша, шығын өсімі тіркелген. Дегенмен барлық жеке сегментті белсенді пайдаланушылар санының өсуі байқалады.
«Компания басшылығы өзінің бұрынғы болжамдарын сақтап қалды. Бірақ біз бірінші жартыжылдықта олардың өсу ықтималдығы айтарлықтай жоғары деп есептейміз. Нәтижесінде Marketplace сегментінің кірісі артады деп болжап отырмыз. Сонымен қатар меншікті капиталдың құнын төмендеттік», – дейді сарашылар.
Сондықтан олар «финтех компания акцияларының өсу әлеуеті +34%, 155 долларға дейін» деген тоқтамға келген. Мамандар Kaspi.kz акцияларын сатып алуды ұсынды.
Еске сала кетсек, Kaspi.kz-тің бірінші тоқсандағы кірісі 40%, таза пайдасы 28% өсті. Бұл туралы компанияның бірінші тоқсан қорытындысы туралы есебінде жарияланды.
Компанияның барлық қызметі жағымды динамика көрсетті. Тоқсан қорытындысы негізіндегі болжамға сәйкес, 2024 жылы шоғырландырылған таза пайда 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 25%-ға өседі.
Компанияның нарықтық айналымы 62%, түсімі 108% өсім көрсеткен. Интернет дүкенінің таза кірісі бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 76% өсті.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Kaspi дүкендегі сатылым 125%-ға, ал белсенді тұтынушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84%-ға өсіп, 566 мыңды құрады.
Есепте 2024 жылдың өткен тоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық нәтижеге сүйене отырып, директорлар кеңесі акционерлердің мақұлдауымен бір қарапайым акцияға 850 теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді ұсынатыны атап өтілген.
Сәуір айының ортасында Kaspi.kz финтех компаниясының басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе, сондай-ақ тағы екі ірі акционер – Вячеслав Ким және Baring Funds қоры холдингтегі өз үлестерін АҚШ-қа қарсы азайтқаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда финтех компания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.