Ереванда мыңдаған адам премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Армян халқы Пашинянның отставкасын талап етті / EFE via Reuters Connect, бильд-редактор: Артур Алескеров

Армения астанасы Ереванда премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап ететін мыңдаған адам митингке шыққан. Олар елдің бірқатар аумақтарының Әзербайжанға берілуіне қарсы.

DW басылымының ақпаратына сүйенсек, 9 мамырда кешке 20 мыңнан астам адам қала орталығына жиналды. Демонстранттар армян үкіметінің Әзербайжанмен шекараны белгілеуге келісуін тоқтатып, елдің премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Наразылық акциясына Армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының басшысы архиепископ Баграт Галстанян басқарған «Отан үшін Тавуш» қозғалысының жақтаушылары шыққан. Митинг барысында наразылық білдірушілер «билікке бағынбайтынын» және Пашинянға премьер-министр қызметінен кетуге уақыт бергенін айтты. Әзірге Пашинян кездесу және отставкаға кету туралы талаптарға жауап бермеді. Осыдан кейін архиепископ Ұлттық Ассамблеяда импичмент жариялау арқылы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етпек.

«Шеруге шыққандар алаңда қалу туралы шешім қабылдады. Біз нақты әрекет жасаймыз. Нәтижеге қол жеткіземіз. Тек бәріміз жұмылуымыз керек», – деді архиепископ наразылық акциясына қатысушыларға.

Ресей мен Армения Ресейдің әскери күштері мен шекарашыларын Арменияның бірнеше облыстарынан шығаруға келіскен. Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Арменияда Таулы Қарабақтағы соғыстан кейін 2020 жылдың күзінде орналасқан ресейлік әскери күштерді орналастыру қажеті жоқ екенін атап өтті. Олар армян тарапының өтініші бойынша Арменияның Түркия және Иранмен шекарасында қалады. Әскерді шығару мерзімі туралы толық ақпарат берілмеді.

10 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізуі қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағанын қаламайтындар бар екені жасырын емес, деп мәлімдеді.  

Осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қатысты кез келген істе арағайын болуға дайын екендігін айтқан

Сондай-ақ оқыңыз