17 мамырдан бастап шетелдік автокөліктерге бензин мен дизель отыны бөлек бағамен сатылады

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Ішкі нарықтағы жанармай теңгерімін сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен «сұр» экспортының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында ҚР Энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель бағасының отынының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығына қол қойылды.

Бұйрық мыналарды көздейді:

1) АИ-92 мен АИ-93 бензині – литріне 245 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 205 теңге;

Ел аумағында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде – тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде -литріне 205 теңге;

2) дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – литріне 315 теңге;

Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – литріне 295 теңге.

Осылайша, Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Қазіргі уақытта жанар-жағармай қорын өндіру, жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, бұл ретте мұнай өнімдерінің қомақты қорының болуына байланысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты.

11 сәуір күні Қазақстан Энергетика министрлігі шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгерген бұйрықтың жобасын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз